2025 жылы 31 қазанда колледжде
№2 педагогикалық кеңес отырысы өтті. Отырысқа колледж директоры, орынбасарлар, бөлім меңгерушілері,
педагогикалық ұжым мүшелері қатысты.
Кеңес отырысын колледж директоры кіріспе
сөзімен ашып, күн тәртібіндегі мәселелермен таныстырды.
Күн тәртібі
бойынша қаралған мәселелер:
- №1 педагогикалық кеңес шешімдерінің орындалуы туралы
Баяндамашы: педагогикалық кеңестің хатшысы Сеитова Ж.Р.
- 2024–2025 оқу жылында колледжді бітірген түлектердің жұмысқа
орналасуы туралы ақпарат
Баяндамашы: директордың оқу-өндірістік жұмысы жөніндегі орынбасары
Ерденова А.Ж.
- 2024 жыл мен 2025 жылдың 9 айына қаржылық қаражатты игеру бойынша
бухгалтерияның атқарған жұмысы туралы есеп
Баяндамашы: бас есепші Алимгожина Ж.С.
- Колледждің оқу-материалдық базасын дамыту жоспарының орындалуы
Баяндамашы: директордың әкімшілік-шаруашылық бөлім жөніндегі
орынбасары Ержанов А.С.
- Жаңа қабылданған студенттердің бейімделуі: проблемалар және оларды
шешудің негізгі жолдары
Баяндамашы: педагог-психолог Универ Ғ.
- Мемлекеттік білім беру тапсырысының босаған орындарына
студенттердің өтініштерін қарастыру
Баяндамашы: директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Канапина А.К.
- Әртүрлі мәселелер.
Отырыста баяндалған материалдар бойынша
қатысушылар өз ой-пікірлерін білдіріп, ұсыныстар мен шешімдер қабылданды.
Педагогикалық кеңестің шешімдері оқу-тәрбие процесінің сапасын арттыруға және
колледждің материалдық-техникалық базасын нығайтуға бағытталды.