Жоғары көлік және коммуникация колледжіне 75 жыл!
Құрметті ұстаздар, студенттер! Баршаңызды сізбен бізге ортақ қара шаңырақ колледжіміздің 75 жылдық мерей тойымен құттықтаймыз!
1945 жылы екі мамандықпен құрылып темір жолшылар дайындауға бағытталған техникум бүгін "Жоғары колледж" дәрежесіне көтеріліп 16 мамандық бойынша бәсекеге қабілетті мамандар даярлауда. Колледж 75 жылда ел эканомикасына отыз төрт мыңнан астам сапалы кадыр даярлап, Республикаға ғана емес алыс жақын шетелге аты шыққан білім ордасына айналды.
25 қыркүйек күні > атты мерекелік іс шара өткізілмек. Мерей той эпидемиологиялық талаптарға сай жабдықталған колледжіміздің Акті залында арнайы шақырылған мәртебелі меймандар: Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Көлгінов Алтай Сейдірұлы, ҚР Білім және ғылым вице-министрі Каринова Шолпан Таңатқызы, ҚР ТжКБ департаментінің директоры Оспанова Насымжан Жамбековна, ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Мамытбеков Еділ Құламқадырұлы, Бақтиярұлы Мұрат, ҚР Мәжіліс депутаты Нұрманбетова Жәмила Нүсіпжанқызы, «Сарыарқа» ауданының әкімі Егемберді Ерғали Қуандықұлы, Нұр-Сұлтан қаласы маслихаты хатшысының м.а. Шайдаров Мажит Зейнуллаұлы, «ҚТЖ» АҚ вице-президенті Абденов Серік Сақбалдыұлы, Нұр-Сұлтан қаласы Білім басқармасының басшысы Қадырова Шолпан Маратқызы, Нұр-Сұлтан қаласы Қоғамдық кеңесінің төрағасы-колледждің түлегі Есілов Сансызбай Сейтжанұлы, «ҚТЖ» АҚ Ардагерлер кеңесінің төрағасы Айтбеков Берік Сағындықұлы және Нұр-Сұлтан қаласының мәслихат депутаттары, колледждің әлеуметтік серіктестері, ардагерлер кеңесі және колледж түлектері Ассоциациясының мүшелері қатысуымен өткізіліп, Қазақстан мен Ресейден қатысатын қонақтардың тікелей эфирде online қосылуымен жүзеге аспақ. Ал колледж ұстаздары, студенттер және іс шараны тамашалағысы келетін барша көрермен ZOOM платформасы арқылы тікелей эфирде көрермен бола алады.
Бұл баршамызға ортақ мереке, ұлы той!
Жастар ісі комитетінің төрағасы Бақыт Ұланбек