Отступ первой строки


Добавил(а) Администратор 09.11.2020 г.



Психологиялық қызмет
Колледждегі психологиялық қызмет көрсету жұмысы
Колледж қабырғасында психологиялық көмек пен қолдауды моқытушылар, студенттер және ата-аналар күнделікті сағат 9.00 – 17.00 дейін психологтан кеңес ала алады.
Психологиялық қызметтің мақсаты: Білім алушылардың психологиялық денсаулығын сақтау, колледжде жүйелі білім алуына психологиялық ахуал мен әлеуметтік- психологиялық жағдай қалыптастыру.
Психологиялық қызметтің негізгі міндеттері:
1. Білім алушылардың жеке дара және танымдылық дамуына әсер ету, өзіндік дамуы мен өзін- өзі тәрбиелеуіне бейімдеу.
2. Білім алушылардың жаңа ортаға әлеуметтенуіне психологиялық ахуал жасау. Жаңадан қабылданған студенттердің қалыпты деңгейде бейімделуіне жағдай туғызу.
3. Психологиялық –педагогикалық жеке ерекшелігін меңгеруге әрбір білім алушылардың жеке көзқарасына әсер ету.
4. Психологиялық диагностикалар өткізу және білім алушылардың шығармашылық мүмкіндіктерін дамыту
5. Студенттердің психологиялық қиындықтары мен мәселелерін шешуге психологиялық түзету, дамыту жұмыстарын жүзеге асыру.
6. Психологиялық мәселелер мен оқу-тәрбие жұмысында тиімді әдістерді таңдауға педагогтар мен ата-аналарға кеңес беру.
7. Оқу үрдісіне қатысушылардың психологиялық- педагогикалық біліктілігін арттыру.

Психологиялық қызметтің негізгі бағыттары:
• Психодиагностикалық
• Кеңес беру
• Алдын –алу және ағарту жұмыстары
• Түзету-дамыту жұмыстары
• Әдістемелік-ұйымдастыру жұмыстары.

Телефоны доверия

  • Ата-аналарға жадынама
  • Оқытушыларға ұсыныстар
  • Топ жетекшілеріне ұсыныс
  • Қашықтықтан оқыту этикеті