Body: 





Отступ первой строки


Добавил(а) Администратор 25 мая 2020 г.



Арқадағы тұңғыш теміржол техникумы


Ақмола өңірі ертеден-ақ тарихи оқиғалардың бел ортасында болғаны баршамызға аян. Сондықтан да кез келген оқиғаны баяндамас бұрын оның тарихына шолу жасау қалыпты жағдай. Ғалымдардың пайымдауы бойынша, «Ақмола» ғұндар салған «Ба­тыс­тағы қамал» деген ұғымды білдіреді. Ғылыми деректерге сүйенсек, (ғұндар тілі мен бүгінгі ұғымға зер салыңыз) «мола» – қорған, «ақ» – күнбатысты, «қара» – сол­түстікті, «көк» – күншығысты, «сары» – орталық деген мағынадағы сөз. Сондай-ақ ғұндар дүниені төрт бұрыш санаған. «Төрт» сөзі әлемдік төртбұрышты аңғартып, дүние­танымдық қасиетті санға айналған. Бұл түсінік әлі күнге дейін біздің санамызда жалғасып келеді.

Ақмола өңіріне әуелі патшалық Ресей қатты қызыққан. Кейінірек бұл саясатты Кеңес үкіметі де жал­ғастырып, теміржол салу мәселесін ертеректен қолға алған болатын. Бұл жағдайлар бізге тарихи мұ­рағаттан белгілі.

Бұл мәселе жөнінде еліміздің Тұңғыш Президенті, Ұлт Көшбас­шысы Нұрсұлтан Назарбаев 2014 жылғы Ұлытауға барған сапарында тарқатып айтқан болатын. «…Ке­ңес Одағы кезінде барлық темір­жолдар солтүстікке Ресейге қара­тылып салынды. Ал көлденең жү­­ретін, елді бір-бірімен қатысты­ратын жол салынған жоқ. Ол да Кеңес одағының да, Ресейдің де ешқандай жоспарына кірмеді. Енді міне, еліміздің экономикасы ілгерілеп, 500 млрд теңге қаражат бөлінетін жағдайға жеткеннен кейін ғана 1 200 шақырымдық теміржол салынып отыр» деген Елбасының сөзі – сол саясаттың дәлелі. Шынында, теміржол қай заманда да ел экономикасының күретамыры, қала берді мемлекет­тің стратегиялық нысаны болған және бола береді.

Соғыс аяқталды. Елде халық шаруашылығын қалпына келтіру жұмыстары басталды. Ол кезде Ақмола қаласы үлкен торапты станция болды. Соғыстан кейін темір жол торабында еңбек ететін кадрлар тапшылығы қатты сезілді. Теміржол торабын дамытпай соғыс зардаптарын тез арада қалпына келтіру қиынға соқты. Сол жылдары өндірістен қол үзбей білім беру үрдісі кең етек алды. Ол үшін Стаханов мектептері, қысқа мерзімде жұмысшы кадрлар даярлайтын мектептер ашыла бастады. Дәл осы кезде КСРО қатынас жолдары Халық комиссариатының 1945 жылғы 20 қазандағы бұйрығымен ...

Жалғасы

https://aikyn.kz/arqadaghy-alghashqy-temirzhol-tehnikwmy/.




Зулфухар ҒАЙЫПОВ, Жоғары көлік және коммуникация колледжінің директоры, саяси ғылымдар докторы, Нұр-Сұлтан қалалық мәслихатының депутаты.