Body: 





22.12.2022 г.

ВНИМАНИЕ ВАКАНСИЯ!

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің "Жоғары көлік және коммуникация колледжі" ШЖҚ МКК басшысының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары бос лауазымдына конкурс жариялайды

1. Тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары - 1 бос орын.
Лауазымдық міндеттері:
білім беру ұйымдарында тәрбие процесін ұйымдастыруды жүзеге асырады;
тәрбие жұмысын ұйымдастыру бойынша жоспарлар мен іс-шараларды әзірлеуді қамтамасыз етеді, кәсіптік бағдар беру жұмысының ағымдағы және стратегиялық жоспарлауын үйлестіреді, олардың іске асырылуына бақылауды жүзеге асырады;
оқу жылына тәрбие жұмысының жоспарын әзірлейді;
педагог-психологтың, әлеуметтік педагогтің, оқу-тәрбие жұмысы мәселелері жөніндегі топ басшыларының қызметін басқарады;
дене шынықтыру-сауықтыру және көркем-эстетикалық бағыттағы топтар басшыларының, тәрбиешілердің, кітапханашылардың, қосымша білім беру оқытушыларының қызметін үйлестіреді;
тәрбие жұмысына талдау жүргізеді;
тәрбие жұмысы бойынша әдістемелік құжаттаманы әзірлеу бойынша жұмысты ұйымдастырады, тәрбие процесінің сапасына, ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар білім алушылармен және девиантты мінез-құлықты балалармен жеке жұмысқа жүйелі бақылауды жүзеге асырады;
тәрбие жұмысының мазмұнын, нысандары мен әдістерін жетілдіреді;
дене тәрбиесі процесін, спорттық-сауықтыру және әскери-патриоттық жұмысты дамытуды үйлестіру бойынша, білім алушыларға салауатты өмір салты нормаларын дарыту бойынша жұмысты жүзеге асырады;
педагогтар мен білім алушылар арасында тәрбие жұмысы бойынша семинарлар, конференциялар, конкурстар және басқа да іс-шаралар өткізуді ұйымдастырады;
білім алушылардың патриоттық, азаматтық, интернационализм, жоғары мораль мен имандылықты қалыптастыру, жан-жақты қызығушылықтары мен қабілеттерін дамыту бойынша жұмысты жүзеге асырады;
жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар қатарындағы тәрбиеленушілермен жұмысты ұйымдастырады, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес олардың заңды құқықтары мен мүдделерін қорғайды;
жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша жұмысты ұйымдастырады, оқу-материалдық базаны нығайту жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыруды жүзеге асырады;
қоғам және құқық қорғау органдарының өкілдерімен, ата-аналармен және ата-аналар комитеттерімен тәрбие процесін қамтамасыз ететін білім беру ұйымының әкімшілігі, қызметтері мен бөлімшелері өкілдерінің өзара іс-қимылын үйлестіреді;
білім беру ұйымдарында қолайлы моральдық-психологиялық ахуал жасауды қамтамасыз етеді;
ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушыларды психологиялық-педагогикалық қолдау қызметінің жұмысын үйлестіреді;
еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау жөніндегі қағидалар талаптарының орындалуын қамтамасыз етеді;
білім алушыларға медициналық қызмет көрсету жағдайын бақылауды жүзеге асырады;
тәрбие жұмысының нәтижелері туралы есеп береді;
жастар мен жұмыспен қамтылмаған халық арасында кәсіптік бағдарлау жұмысын ұйымдастыру бойынша ұсынымдар әзірлейді;
техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының басшылары орынбасарларының біліктілікті беру (растау), арттыру кезінде қойылатын тиімділік көрсеткіштеріне сәйкес келеді;
білім алушылар, педагогтар және басқа да қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, Академиялық адалдық қағидаттарын бойына сіңіреді.
оқу және оқу-әдістемелік, тәрбие, ұйымдастыру жұмыстарын ұйымдастырады және жүргізеді. Білім алушыларды мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес оқытуды және тәрбиелеуді жүзеге асырады. Тұлғаның жалпы мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді, білім алушылардың жеке қабілеттерін анықтайды және дамытуға жәрдемдеседі. Білім беру процесі кезеңінде білім алушылардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз етеді.
Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім, білім беру ұйымдарындағы жұмыс өтілі кемінде 5 жыл;
немесе 3 жылдан астам жұмыс өтілі бар білім беру ұйымының "үшінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" немесе "екінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" немесе "бірінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" біліктілік санатының болуы.
Лауазымдық жалақысы 96 094 - 116 800 тенге.

Конкурс Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 Бұйрығына сәйкес өткізіледі.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам хабарландыруда көрсетілген келесі құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жолдайды:
1) Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).
7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8) наркологиялық ұйымнан анықтама;
9) сотталмаған туралы анықтама.
9) Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі – ҰБТ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда).
10) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығы 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған Бағалау парағы.
11) Конкурсқа қатысушы бар болған жағдайда біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми/академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік жарияланымдар, біліктілік санаттар туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсынады.
12) Құжаттардың біреуінің болмауы құжаттарды кандидатқа қайтару үшін негіз болып табылады.

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің "Көлік және коммуникациялар жоғары колледжі" ШЖҚ МКК мекенжайы: Нұр-Сұлтан қ., Конституция к-сі, 10. Телефон: 27-84-32, эл.пошта: zdcolledj@mail.ru

КОНКУРСҚА ҚАТЫСУ ҮШІН ҚҰЖАТТАР ТІЗІМІ ТӨМЕНДЕГІ СІЛТЕМЕДЕ:
https://disk.yandex.ru/d/fjzPsxOJzGO2ZA