Body: 





17.03.2023 г.

№4 ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫНЫҢ ҚАУЛЫСЫ!

1. №3 педагогикалық кеңес шешімдерінің орындалуы қанағаттанарлық деп саналсын.
2. Жоғары көлік және коммуникация колледжінің стратегиялық даму жоспарының нысаналы нысаналы индикаторларының іске асырылуы қанағаттанарлық деп саналсын. Колледждің стратегиялық жоспарының орындалуы бойынша SWOT талдау жасалынсын. Жоспарға коммерциализация бөлімі қосылсын. Ұжым мүшелерінің осы жоспармен танысып зерделеуіне бағытталған жұмыстар ұйымдастырылып өткізілсін.
3. Оқу бөлімі: 1-курс студенттерінің оқу орынан кету себептеріне бөлім меңгерушілері талдау жасап, оны болдырмау бағытында жұмыстар мен іс-шаралар ұйымдастырып өткізуі тапсырылсын. Топтардағы білім сапасының төмендеуінің себептерін анықтау пән оқытушыларының жұмыстарын, топ жетекшілерінің міндеттерінің орындалуын қайта қарап, білім сапасын арттыруға бағытталған жұмыстарды талапқа сай ұйымдастырып орындау оқу бөлімі мен директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары А.Канапинадан сұралсын. Тәрбие бөлімі: Қалалық және колледжішілік есепте тұрған студенттермен тәрбие жұмыстарын жүргізуді жалғастыру. Клубтар мен секциялар жұмыстары бойынша өткізілген іс-шараларды колледждің әлеуметтік желілерде орналастыру жолға қойылсын. Топ жетекшілерінің өз міндеттерін атқаруы назарға алынып, жүйелі бақылансын. Бөлімде топ кураторларымен қосымша белсенді жұмыс формалары ұйымдастырылып өткізілуі директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Б.Хатпинадан сұралсын.
Оқу-әдістеме бөлімі: «Озық педагогикалық тәжірибе» мектебінің жұмысын бақылауда ұстау. Мамандықтар бойынша жұмыс оқу бағдарламаларын құрастыруда біліктілікке қойылатын талаптарды үнемі басшылыққа алу оқытушылардың іс-тәжірибесін баспа мен мерзімді басылымдарға ұсыну жұмыстарын екінші жартыжылдықта қамтамасыз ету, оқытушылардың біліктілік арттыру курстарынан уақытылы өтуін бақылау директордың оқу-әдістеме ісі жөніндегі орынбасары Г.Чалгинбаеваға тапсырылып, сұралсын.
Оқу өндірістік бөлім: Оқытушылардың өндірісте тағылымдамадан өтуі жалғастырылсын. WorldSkills чемпионатына қажетті техника мен жабдықтарды сатып алу жұмыстары жоспарлы жүргізілсін. Әлеуметтік серіктес мекемелердің қызметкерлері колледжге шақырылып, колледждегі білім беру үрдісімен, іс-шаралармен таныстыру жоспары құрылып, жүзеге асырылуы директордың оқу-өндірістік ісі жөніндегі орынбасары О.Жунуспековке тапсырылсын. Ақпараттық-инновациялық технологиялар бөлімі: Бөлім жоспарын нақтылау, материалдық-техникалық базаны толықтыру бойынша ұсыныстар беру. Оқу кабинеттеріндегі техникалық құралдарға мұқият қарауды бақылау, кабинет жетекшілері мен пән оқытушыларына техникалық жабдық бойынша жауапкершілік жүктеліп, осы жұмысты назарда ұстау және бақылау директордың ақпараттық-инновациялық технологиялар ісі жөніндегі орынбасары Д.Касеновке жүктелсін.
2022-2023 оқу жылының 1-семестріндегі жұмыс бағыттары бойынша жұмыстарды талдау қабылдансын.
4. Демонстрациялық емтихан талаптарын толық орындауға бағытталған іс-шаралар реті жүйелі орындалсын. Демонстрациялық емтихан туралы ақпарат колледж сайтына орналастырылып, оқытушылар мен студенттердіңосы ақпаратпен танысуы қамтамасыз етілсін. Ұсынылған демонстарциялық емтихан тәжірибесін басқа кафедралар өз жұмыстарына кіріктірсін, осы тапсырманы назарда ұстау және басшылық жасау директордың оқу-әдістеме ісі жөніндегі орынбасары Г.Чалгинбаеваға жүктелсін.
5. Мемлекттік білім беру тапсырысындағы бос орындарға берілген студенттердің өтінішітері қанағаттандырылсын. Осы шешім бойынша бұйрық шығарылып, орындалуы директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары А.Канапинаға тапсырылсын.
6. KPI бойынша ұсынылған ақпарат назарға алынып, колледж оқытушылары KPI-ға қатысты құжаттарын әр айдың 30-жұлдызына дейін берілген сілтеме бойынша жүктесін. KPI бойынша ай сайын талдау жасалып, рейтинг кестесін шығару директордың оқу-әдістеме ісі жөніндегі орынбасары Г.Чалгинбаеваға тапсырылып, сұралсын.