Body: 





04.05.2023 г.

Жеңіс күні қарсаңында «Еркін ел ұрпағы» жалпыұлттық патриоттық диктант жазу жұмысы өтті

Жоғары көлік және коммуникация колледжінде мамыр мерекелері мен Жеңіс күні қарсаңында «Еркін ел ұрпағы» жалпыұлттық патриоттық диктант жазу жұмысы өтті.
Оқытушыларымыз да, студенттеріміз де жалпыұлттық диктант жазу бастамасына белсенді қатысты. Өз еркімен келіп жазу шеберлігін тексергісі келгендер көп.
Бұл шараның басты мақсаты —ұлттық құндылықтар мен қасиеттерді бойына сіңірген ұрпақ тәрбиелеу. Сондай-ақ, мемлекеттік тілді білу деңгейін анықтау және сауатты жазу дағдыларын қалыптастыру.

Барлығы 257 адам қатысты, Оның ішінде студенттер-237 , оқытушылар- 20.
Бұл іс- шараға атсалысқан барлық қатысушыларға алғыс айтамыз!