Body: 





20.02.2024 г.


2024 жылдың 20-ақпанында колледждің «Жас маман» мектебінің аясында, әдіскер Ж.Т.Мылтыкбаева, «Аттестация - оқытушылардың кәсіби дамуының үздіксіздігін қамтамасыз ету құралы» тақырыбында отырыс өткізді. Отырыста аттестаттаудан өту реті мен талаптары, өткізілетін ашық сабаққа қойылатын талаптар, оқытушы мен студенттің жетістіктерін ұсыну бағыттары берілді. Аттестаттау үрдісіне жоспарлы дайындықпен, қажетті талаптар орындалатындай жетістіктермен келу қажеттілігі баса айтылды.