Body: 





17.05.2024 г.


«Мамандықтар фестивалі»
2024 жылдың 17 мамырында Жоғары көлік және коммуникация колледжінде "Мамандықтар фестивалі" аясында қалалық № 19, 21, және № 58 мектеп оқушыларының қатысуымен «Әлеуметтік серіктестік – сапалы маман даярлаудың қозғаушы күші» атты «Қазақстан теміржолы» Ұлттық компаниясы» АҚ-ның өкілдерімен кәсіптік бағдар беру мақсатында кездесу ұйымдастырылды. Іс-шара кездесу түрінде өтті. Кездесу қонақтары кәсіпорынның негізгі бағыттары мен жоспарлары туралы, жас мамандарға жасалынатын мүмкіндіктер мен қызметтер туралы ақпараттармен бөлісті. Мектеп оқушылары өздерін қызықтырған сұрақтарға толығымен жауаптар алды.
БАҚ жұмысы бойынша пресс служба «ҚТЖ ҰК» АҚ атынан түсірілім жұмыстарын жүргізді.
Кездесуден кейін мектеп оқушылары «ақпараттық кабельдік желілер», «электрмен қамтамасыз ету», «теміржол көлігінде теміржолды басқару» құзіреттіліктері бойынша мастер класстарға қатысып және колледж музейін аралап, керемет көңіл күймен тарасты.