Body: 

2018 жылғы 29 наурызда Колледжде «Экстремизм мен терроризм идеологияларының құрылымы, көздеген мақсаты мен бағыты» тақырыбында дәріс өтті. Бірінші болып Дін мәселелерін зерттеу орталығының маманы Альтаева Салтанат сөз алып, күн тәртібіндегі мәселеге орай өз ойларын ортаға салды. «Діни экстремизм мен терроризм идеологияларын екі тұрғыдан қарастыруға болады. Заңды тұрғыдан келетін болсақ, бұл – қылмыстық іс, ал діни тұрғыдан келгенде, бұл идеологиялық әрекеттер күнә болып есептеледі. Себебі, адамның өз-өзіне қол жұмсауы, өзгелерге қиянат жасауы исламның сипатына сай келмейтін құбылыстар» деп өз ойын білдірді.

Келесі кезекте мінбеге көтерілген орталық маманы Долиев Жатал Әуребекұлы радикалды ағымда адасып жүргендерге қатысты пікірін білдірді. Өзінің сөзінде ол: «Мұндайлар тек өз идеологиясын жақтаушыларды мұсылман көріп, қалған халықты «кәфир», яғни мұсылман емес деп санайды. Алайда, лаңкестік әрекетке барғанда, олар өздері діннен қалай шығып кеткендерін байқамай қалады» деп тұжырым жасады. Дәріс барысында Жатал мырза Елбасымыздың осы мәселені шешуде атқарып жатқан еңбектерін атап өтті. Және де студенттерге рухани жағынан білімді болуға, «Ислам» тақырыбына келгенде сауатсыз болмауға шақырды. Сонымен қатар, діни экстремизм мен терроризм жөнінде жан-жақты ақпарат беріп, жалпы, ислам дінінің маңыздылығы мен мәнін түсіндірдуге тырысты. Кездесудің соңында студенттер сарапшы қонақтарға мазалап жүрген сұрақтарын қойып, сауалдарына толыққанды жауап алды.

А. Мұратұлы