КОЛЛЕДЖ ӘКІМШІЛІГІ 


Директордың міндетін атқарушы
Жунуспеков Омиргуль Хамзинович

   1976 жылдың 25 желтоқсанында Ақмола облысы, Ерейментау ауданы, Ордабай ауылында дүниеге келген. 1992 жылы Ақмола №1 кәсіптік училищесіне оқуға түседі және 1996 толық курсты аяқтай отырып, металды суық өңдеу бойынша технолог- технигі біліктілігін алды. 2000 жылы Алматы қаласындағы Көлік және коммуникация академиясына оқуға түседі және 2004 жылы Алматы қаласындағы ҚазККА «Вагондар» мамандығы бойынша тәмамдады. 1996 – 1998 жж. Астана қаласының №1 техникалық лицейінде өндірістік оқыту шебері болып жұмыс істеді. 1998 – 2000 жж. «Жас ұлан» Республикалық мектебінде өндірістік оқыту шебері. 2000 – 2004 жж. Астана қаласының №4 кәсіптік мектебінде өндірістік оқыту шебері қызметін атқарды. 2004 жылы «көлік және коммуникация колледжіне» МКҚК арнайы пәндер оқытушысы ретінде қызметке қабылданды. 2009 жылдың қаңтарынан 2010 жылдың қыркүйегіне дейін бөлім меңгерушісі болып қызмет атқарды. 2010 жылдың қыркүйегінен директордың оқу- өндірістік жұмыс бойынша орынбасары қызметіне тағайындалды. Келесі марапаттары бар:
1. ҚР темір жол көлігі үшін білікті мамандар дайындағаны үшін ҚР Көлік және коммуникация министрінің алғыс хаты, 2004ж
2. Білікті мамандар дайындауға үлес қосқаны үшін Астана қаласының Білім басқармасының басшысының алғыс хаты, 2006ж.
3. Тәуелсіз Қазақстан жолының шынайы және әлеуметтік даму саласында жеткен жетістіктері және білім беруге қосқан үлесі үшін ҚР Білім және ғылым министрінің мақтау грамотасы, 2012ж.
4. ҚР білім беру құрметті қызметкері, 2015ж.

Үйленген, 3 баласы бар.


Директордың тәрбие
жұмысы бойынша орынбасары
Мырзагалиева Гульмира Галиаскаровна

   Мырзагалиева Гульмира Галиаскаровна 1977 жылы 14 қыркүйекте Қостанай облысында дүниеге келген. 1994 жылы Теңіз орта мектебін аяқтағаннан кейін А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетін «Математика» мамандығы бойынша бітірді. 2018 жылы өндірістен қол үзбей С.Сейфуллин атындағы Қазақ Агротехникалық университетінде «Ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша білімін шыңдап, «Техника және технология магистрі» дәрежесі берілді.
    Г.Г.Мырзагалиева өзінің еңбек жолын 1998 жылы Қостанай облысы, Арқалық қаласындағы А.С.Макаренко атындағы орта мектептің математика пәні мұғалімі қызметінен бастады. Аталмыш мектепте 2002 жылға дейін жұмыс жасап, 2002-2003 жылдары Қарағанды облысы, Сатпаев қаласындағы №2 орта мектепте қызметін жалғастырды. 2004-2007 жылдары Қостанай облысы, Арқалық қаласындағы А.С.Макаренко атындағы орта мектептің математика пәні мұғалімі болып, сонымен қатар директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарды. 2007 жылдан бастап Көлік және коммуникация колледжінде жұмыс жасайды. Осы уақыт аралығында Г.Г.Мырзагалиева «Жаратылыстану-математикалық пәндер» кафедрасының меңгерушісі, «Есеп және аудит, ПОВТ» және «Электрбайланыс және ПОВТ» бөлімдерінің меңгерушісі қызметтерін атқарды.
    Г.Г.Мырзагалиева – «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығы үшін «Сандық әдістер» пәні бойынша типтік оқу бағдарламасын әзірлеуші автор. Гульмира Галиаскаровна ҚР БҒМ Республикалық ғылыми-тәжірибелік орталығында жалпы орта мектептерге арналған электрондық оқулыққа сараптама жасауға қатысты.
    Оның студенттері жыл сайын ТжКББ студенттері арасында математика пәнінен қалалық олимпиадаларға қатысып, жоғары нәтижелерді көрсетіп отыруда: І орын (2016 жылы – Кульбаев Диас, 2017 жылы - Кельдыбаева Маржан).
    2017 жылы математика пәнінің оқытушысы М.А.Жанбосыновамен бірлесіп «Математика пәнінен колледж студенттеріне арналған тапсырмалар жинағы» оқу құралын құрастырды және Астана қаласының Білім басқармасының шешімімен қалада колледж оқытушылары арасында таратуға рұқсат берілді.
    Гульмира Галиаскаровна қызметтегі жеткен жетістіктері үшін Астана қаласының Білім басқармасының алғыс хаттары мен мақтау қағаздарымен марапатталған.
    2019 жылғы қаңтар айынан бастап директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары лауазымын атқаруда.
    Отбасылы, 3 бала тәрбиелеп отыр.


Директордың әдістемелік
жұмысы бойынша орынбасары
Чалгинбаева Гүлназ Солтангазыевна

   Чалгинбаева Гүлназ Солтангазыевна, 1984 жылы Абай облысы, Аягөз қаласында дүниеге келді.
    1990 жылы Жамбыл Жабаев атындағы жалпы орта білім беретін мектептің 1 сыныбына қабылданып, 2001 жылы Жамбыл Жабаев атындағы жалпы орта мектепті тәмамдағаннан кейін, «Тарих, құқық және экономика негіздері» мамандығы бойынша Талдықорған қаласындағы Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетіне мемлекеттік грантпен оқуға түсті.
    Аталған университетті үздік дипломмен аяқтаған соң, 2006 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетіне «Тарих» мамандығы бойынша мемлекеттік грантпен магистратураға түсті.
    2008 жылы ҚазҰУ үздік бітіріп, еңбек жолын Алматы қаласындағы «Алатау» тілдер колледжінде бастады.
    2012 жылы отбасы жағдайына байланысты Астана қаласына көшіп келіп, Басқару колледжіне тарих пәні оқытушысы болып қабылданды.
    2013 жылдан бастап қазіргі уақытта Астана қаласы әкімдігінің ШЖҚ «Жоғары көлік және коммуникация колледжі» МКК жұмыс жасайды. Аталмыш білім ордасында «Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасы оқытушысы, әдіскер, бөлім меңгеруші, қазіргі уақытта Директордың оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары болып еңбек етеді.
    Ұлттық музей ұйымдастырған, Орбұлақ шайқасына 375 жыл толуына орай «Бабалар ерлігі ізімен» атты тарихи іс-шараға белсене қатысып, үлес қосқандығы үшін Алғыс хатпен, Инновациялық Еуразия университетінің Жоғары колледжі ұйымдастырған Республикалық және Халықаралық деңгейдегі студенттердің ғылыми-тәжірибелік конференцияларына жеңімпаздарды дайындағаны үшін Құрмет грамотасы мен Алғыс хатпен, «Шексіз ғылым» тақырыбында Чехия мемлекетінде өткен Халықаралықаралық ғылыми жобалар байқауына жеңімпаз әзірлегені үшін Алғыс хатпен, Елорданың білім беру саласын дамытуға және саналы ұрпақ тәрбиелеу жолында атқарған еңбегі үшін Астана қаласының Білім басқармасының Құрмет грамотасымен және Жоғары көлік және коммуникация колледжінің 75 жылдық мерейтойына орай колледждің төсбелгісімен, Астана қаласы әкімінің, ҚР Оқу-ағарту министрінің алғыс хатымен марапатталды.


Бас есепші
Алимгожина Жанар Саяхатовна

   1966 жылдың 1 қаңтарында дүниеге келген. Қарағанды қаласындағы Қарағанды кооперативтік институтының «Есептік- экономикалық факультетінің 1987 жылғы түлегі. 1987 жылдан 1992 жылға дейін- тұтыну кооперациясы жүйесінде қызмет еткен, 1992 -2005 жж. ШҚО Семей қаласының салық комитетінде жұмыс істеген. 2006 - 2007 жж. «Unibersalconsalting» ЖШС - маман. 2007 - 2011 жж. Білім беру жүйесінде арнайы пәндер оқытушысы және қосымша ЖШС есепшісі қызметтерін атқарды. Көлік және коммуникация колледжінде 2009 жылдың қыркүйегінен қызмет етеді. 2011 жылдың сәуірінен колледж бухгалтериясында, 2011 жылдың тамызынан бас есепші. 2013 жылы ғылыми баяндамасы үшін, «ТКББ саласындағы әдістемелік жетістіктер» тақырыбындағы ғылыми- практикалық конференцияда I- орын алғаны үшін дипломмен марапатталды. 0518000 «Есеп және аудит» (салалар бойынша) мамадығына 10-нан астам әдістемелік нұсқаулықтардың авторы. Білім беру саласындағы басқарушы және ғылыми-педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру Республикалық институтының № 0279794 сертификатының (e-Leaning) иесі, Астана қ, 2011 жыл. 0518000 «Есеп және аудит» (салалар бойынша) мамандығына ТКББ МЖБС дайындауға үлес қосқан. «Нұр Отан» ХДП мүшесі. Тұрмыста, екі баласы бар.