Мұражай

Мұражай ғылыми зерттеу, мәдени - ағарту мекемесі болып табылады. Ол өткен дәуірден естелік болатын материалдар мен мәдени, рухани, бағалы мұраларды жинастырып, тарихи, ғылыми, көркем дүниелер негізінде келер ұрпақты тәрбиелеуге кең ауқымды мүмкіндік береді.
Мұражайдың негізгі мақсаты – студенттерді отансүйгіштікке тәрбиелеу, ел тағдырына жауапкершілікпен қарау, сонымен қатар өз халқының мәдениетіне баулу, таңдаған мамандығына деген қызығушылық пен сүйіспеншілігін арттыру.
 
Мұражай меңгерушісі
Естемесов Талғат Нурманбетович

 
1978 жылғы 15 қаңтарда Алматы қаласында дүниеге келген. Алматы қаласындағы №69 орта мектепті бітірді. 1995 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің "Археология және этнология тарихы" факультетіне түсіп, 2000 жылы "Қазақстан тарихы" мамандығы бойынша бакалавр дәрежесін алды.
2002 жылы М. Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникация академиясын "Экономика және менеджмент" мамандығы бойынша бітірді.
Еңбек жолын 1995 жылы Алматы қаласындағы Алматы "Ырысты-АЭВРЗ" АҚ электрлік вагонды жөндеу зауытындағы вагонды жасау және жаңғырту цехында электр слесарі жұмысымен бастады.
- 2000 -2001 жылдары Алматы қаласындағы № 30 мектеп-гимназиясында тарих және құқық пәндерінің мұғалімі;
- 2001 жылдан бастап "ҚТЖ" ҰК" АҚ компаниялар тобында жұмыс істеді, Алматы қаласындағы Темір жол көлігі орталық мұражайында экскурсия жетекшісі, суретші-қалпына келтіруші;
- 2003 жылдан бастап "Қазтранссервис" АҚ-да жоспарлы-экономикалық бөлімнің жетекші инженері;
- 2007 жылы Астана қаласының "Қамқор жөндеу корпорациясы" ЖШС -нің экономика бөліміне ауысып келді;
-2012 жылы М. Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникация академиясына оқытушы қызметіне ауыстырылды;
- 2000 -2001 жылдары Алматы қаласындағы № 30 мектеп-гимназиясында тарих және құқық пәндерінің мұғалімі;
- 2015 жылы «Қаржы академиясы» АҚ магистратурасын аяқтап, экономика магистрі дәрежесін алды;
2015 жылдың қыркүйек айынан бастап, Көлік және коммуникация колледжінде оқытушы қызметін атқарды;
-2017 жылғы қыркүйек айынан бастап, мұражай меңгерушісі.
Үйленген, ұл және қызы бар.