Мамандығы 07320800 «Темір жол құрылысы, жол және жол шаруашылығы» .

Біліктілігі 4S07320803 «Техник-жолшы-құрылысшы» .

Оқыту тілі: мемлекеттік, орыс.


Оқыту мерзімі:

Негізгі орта білім базасында – 3 жыл 10 ай;
Жалпы орта білім базасында – 2 жыл 10 ай.
«Техник-жолшы-құрылысшы» - бұл маман теміржол және оның құрылысын қамтамасыз ететін техникалық шарттарды және нормаларды реттейді. Ол еңбек қауіпсіздігі ережелерін сақтай отырып, есептеу әдістерін қолданау арқылы жолдың беріктігін тексереді. Техник-жолшы- теміржол учаскесін тексеріп, оның ақауларын анықтай отырып, осы ақауларды болдырмау жөніндегі шараларды белгілейді. Сонымен қатар, жол құрылысының техникалық жұмыстарын орындайтын маман.

Әлеуметтік серіктестер: «ҚТЖ»ҰК»АҚ филиалы ,«Жол дистанциясы», «Темір жол жөндеу ПМС» АҚ ,«Астана темір жол шаруашылығы» ЖШС