Кітапхана

Кітапхана колледждің оқу – тәрбие үрдісінің ажырамас бөлігі болып табылады.
Колледж кітапханасының қоры бай және кең: бұл жақсы жинақталған анықтамалық-библиографиялық аппарат, қазақстандық және ресейлік анықтамалардан құралған жинақтама, энциклопедиялық басылымдар, әр түрлі көркем әдебиет, көлемді мерзімді басылымдар, арнайы пәндерге арналған оқу әдебиеттері мен электронды оқулықтар.  
Студенттерге оқу залында компьютермен жұмыс жасауға, электронды ресурсты пайдалануға бар жағдай жасалынған. Кітапхана жұмыстарын автоматтандыру үшін «Кітапхана ісі» бағдарламасы орнатылған, оның көмегімен электронды каталог жасалады. «Параграф» ақпаратты жүйесі жұмыс істейді. Интернет және электронды кітапхана пайдаланылады.
Кітапхананың жұмыс кестесі:
• Дүйсенбі-сенбі – 8.00-18.00

Кітапханаға келіп түскен жаңа әдебиеттердің виртуалды көрмесін ұсынамыз
 

 
Кітапхана меңгерушісі
Жунусова Гульмира Болатовна

1969 жылы 11 шілдеде Алматы облысы, Николаевка ауылында дүниеге келген. 1992 жылы Алтай мемлекеттік өнер институтын «Жоғары білікті кітапханашы» мамандығы бойынша тәмамдаған. 2009 жылдан бастап Көлік және коммуникация колледжінде кітапхана меңгерушісі қызметін атқарады

Жетістіктері:

• "ТЖКБ Оқу орнының үздік кітапханасы" сайысында "Құжаттарды үздік рәсімдеу" номинациясы, 2010 ж.;

• Астана қаласы Көлік және коммуникация колледжі директорының мадақтамасы, 2013 ж.;

• Республикалық ғылыми педагогикалық кітапханасының мадақтамасы,2014

 2 дәрежілі диплом Техникалық және кәсіптік білім беру  ұймдары арасындағы «Үздік колледж  кітапханасы» қалалық  байқауның женеіпмазы

 

Кітапханашы

Омарова Мәншүк Мейірімқызы

Қостанай облысы Жанкелдин ауданы Көкалат ауылында 26 тамыз 1974жылы туған. 1995 жылы «Кітапхана ісі» мамандығы бойынша «Ақан сері атындағы Көкшетау мәдениет училещесін және 2015 жылы Ш.Уалиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетін бітірген. 2017 жылдан Көлік және коммуникация колледжінде кітапханашы.

Жетістіктерім:

  • 2014 жыл Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасының алғыс хаты;
  • 2014 жылы Ақмола облыстық Мәдениет басқармасының Құрмет грамотасы;
  • 2015 жыл Ақмола облыстық Білім басқармасының сертификаты;
  • 2015 жылы Көкшетау қаласы, Ақан сері атындағы мәдениет колледжінің МКҚК директорының Құрмет грамотасы
  • 2016 жылы Көкшетау қаласы, Ақан сері атындағы мәдениет колледжінің МКҚК директорының Алғыс хаты