Жастар ісі жөніндегі комитеті

Жастар – кез-келген қоғамның ең құнды әрі әмбебап қоры, сондай- ақ сол ел дамуының негізі болып саналады. Колледжде жастар саясатының дамуы - тәрбиелік жұмыстың басты бағыттарының бірі. Осы бағыттағы негізгі жұмыс атқарушы бөлімше – «Жастар» ісі комитеті. Комитеттің нормативті құжаттарына ҚР «Білім туралы», «Мемлекеттік жастар саясаты» заңдары, ҚР Конституциясы және т.б. заңнамалар жатады. «Жастар» комитетінің отырысы айына екі рет өтеді. Бұл отырыстарда жастар саясатының өзекті мәселелері, колледжішілік және қалалық деңгейде өтетін іс-шаралардың жоспарлары талқыланады. Жастар ісі жөніндегі комитеттің құрамына колледждің өзін өзі басқару құрылымының мүшелері, жатақханалардың студенттік кеңесі, оқу топтарының старосталары, спорттық секциялар мен қызығушылықтар бойынша үйірмелердің қатысушылары кіреді.
 
Жастар ісі жөніндегі комитеттің инспекторы
Бақыт Ұланбек

 
1996 жылы ҚХР-нда дүниеге келіп 2005 жылы атажұртқа қоныс аударған. 2013 жылы Алматы обылысы Ескелді ауданы Жетісу жалпы орта мектебін бітірген, 2017 жылы Астана қаласындағы Көлік және коммуникация колледжінің «Темір жолының жылжымалы құрамын пайдалану, жөндеу және техникалық қызмет көрсету» мамандығын үздік дипломмен тәмамдаған. Қазіргі таңда Қазақ қатынас жолдар университетінде сырттай білім алуда. Қызметтік жолын Астана қаласы Көлік және коммуникация колледжі «Тартқыш жылжымалы құрам және жол машиналары» кафедрасының арнайы пәндер оқытушысы болып бастады. 2018 жылы колледждің жастар ісі жөніндегі комитеттің инспекторы болып тағайындалды.