Мамандығы 07160400 «Темір жол көлігінің көтергіш-көлік, құрылыс-жол машиналары мен механизмдерін техникалық пайдалану».

Біліктілігі 4S07160403 «Техник-электромеханик».

Оқыту тілі: мемлекеттік, орыс.


Оқыту мерзімі:

Негізгі орта білім базасында – 3 жыл 10 ай;
Жалпы орта білім базасында – 2 жыл 10 ай.
«Техник-электромеханик» - көтергіш көлік, құрылыс пен жол машиналарының механизмдері мен оның жүйелеріне техникалық қызмет көрсету мен жөндеу жұмыстарын жүзеге асырады. Ол механикалық бөлшектерді қалпына келтіру және жөндеу әдістерін ұтымды қолданады. Техник-электромеханик - механикаландырылған жол жабдықтарын тиімді қолданатын және онда пайда болған ақауларды жөндейтін маман.

«ҚТЖ»ҰК»АҚ филиалы, «Машиналандырылған жол дистанциялары», «ҚТЖ»ҰК»АҚ филиалы, «Жол дистанциялары», «Темір жол жөндеу ПМС» АҚ.