ТҮЛЕКТЕРДІ ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСТЫРУ СТАТИСТИКАСЫ 

Оқу жылының басынан бастап кәсіптік бағдар беру және жұмыспен қамту бөлімі бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес колледж түлектерін жұмысқа орналастыру және қала мектептерінің жоғары сынып оқушыларын кәсіби бағдарлауға бағытталған бірқатар іс-шаралар өткізді.
2017-2018 оқу жылында бітірген 465 түлектің 372 студенті жұмыспен қамтылды, бұл 80% құрайды. 237 түлек Республикамыздың телекоммуникация, көлік және энергетика, байланыс салаларында жұмыс істейді. 61 түлек - Республикамызда және шетелдердің ЖОО-да білімін жалғастыруда. 67 түлек – ҚР Қарулы күштер құрамында әскери міндеттерін өтеуде.
Біз колледж бітірушілерімен байланыс орнаттық және жұмысқа орналасуға көмектесу үшін үнемі жұмыс жасаймыз. Бітірушілерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс беруші кәсіпорынның қызметін ұсынатын және әрі қарай жұмысқа орналасу үшін сұхбат жүргізу мақсатында компаниялардың өкілдерін шақырамыз.
Сондай-ақ, Астана қаласының «Жұмыспен қамту орталығы» КММ өкілдерімен кездесу өткізілді. Онда студенттерді жұмыспен қамтуға көмектесу бойынша үкіметтік шаралар туралы, атап айтқанда «Жастар тәжірибесі» бағдарламасы, жас мамандарға бос лауазымдар туралы хабардар етілді. Сонымен қатар, Жұмыспен қамту орталығында түйіндеме, сұхбаттасу және тіркелу бойынша консультациялар өткізілді.


Кәсіптік бағдар беру және жумыспен
қамту болімінің меңгерушісі
Молдаш А.C.