Психологиялық қызмет
Колледждің психологиялық қызметінің мақсаты – студенттердің психологиялық денсаулығын сақтау, қолайлы әлеуметтік психологиялық жағдай жасау және білім беру үдерісінде қатысушыларға психологиялық қолдау көрсету. Психологиялық қызметтің құрамына педагог-психолог әлеуметтік педагог, колледж инспекторы және оқу топтарының жетекшілері кіреді.
Педагог-психолог
Универкызы Гылым
1998 жылы 14 наурызда Ақмола облысы Целиноград ауданы Софиевка ауылында дүниеге келген. 2015 жылы №21 Софиевка орта мектебін бітіріп, 2019 жылы Нұр-Сұлтан қаласының Еуразия Гуманитарлық институты «Педагог-психолог» мамандығы бойынша бакалавр біліктілігін алды.
Жұмыс өтілін Жоғары көлік және коммуникация колледжінде педагог-психолог қызметінде 2019 жылдың қыркүйек айынан бастады.
Педагог-психолог
Мусина Кулян Абылхаковна
1964 жылы 03 наурызда Батыс-Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы Ашысай ауылында дүниеге келген. 2006 жылы Екібастұз қаласында қыздар педагогикалық интитутының «Әлеуметтік педагог-психологы» мамандығын тамамдады.
2003-2010 жылдары Екібастұз қаласының кәмелетке толмаған балалар мен жасөспірімдерін оңалту орталығында әлеуметтік педагог-психологтың еңбек жолын бастады.
2011-2014 жылдары – Астана қаласының Медициналық-техникалық колледжінде директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары қызметін атқарды.
2014-2020 жылдары – Астана қаласының "АСУ" гуманитарлық колледжінде әлеуметтік педагог және педагог-психолог болып жұмыс жасады.
2020 жылдың қыркүйек айынан бастап Нұр-Сұлтан қаласының Жоғары көлік және коммуникация колледжінде педагог-психолог қызметін атқаруда.
Әлеуметтік педагог
Нұрқабыл Гүлден Жеткергенқызы
1983 жылы Қызылорда облысы, Арал қаласында дүниеге келген. 2000 жылы мектеп-интернатты бітіргеннен кейін, Астана қаласындағы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетіне «Қазақ тілі және әдебиет» факультетіне оқуға түсті. Университетті бітірген соң, 2005 жылы Сырбай Мәуленов атындағы №37 мектепке қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі болып жұмысқа тұрды
2015 жылы Көлік және коммуникация колледжіне қазақ тілі және әдебиеті, өзін-өзі тану пәндерінің оқытушысы болып жұмысқа қабылданды.
2016 жылғы қыркүйек айынан бастап колледждің әлеуметтік педагог қызметіне тағайындалды.