Body: 

2018 жылдың 29 наурызында колледж оқытушылары мен студенттерге арналған өрт қауіпсіздігі бойынша «Қауіпсіздік лабораториясы» ЖШС директоры, запастағы азаматтық қорғау подполковнигі Никулин Александр Иванович лекция-оқу сабағын өткізді.

Оқу сабағын өткізу барысында өрттің алдын алу шараларын және төтенше жағдай кезіндегі қорғану әрекеттерін атап өтті. Өрт кезінде кез келген адамның іс-әрекеттері мен «103» нөміріне хабарласу аталды.

Өртке қарсы өрт сөндіруші құралды дұрыс қолдануды көрсетіп өтті. Оның ішінде, көмірқышқыл өрт сөндіру құралының қолдану ерекшелігіне кеңінен тоқталды. «Өрт кезіндегі адамның іс-әрекеттері», «Өрттің алдын алу шаралары» және өрт болған ғимараттар жайлы фильмдер көрсетілді.

Сөз соңында әр адам өз-өзіне және оны қоршаған ортаға жауапты екенін айтты.

30 наурыз күні колледжде өрт қауіпсіздігі бойынша оқу-жаттығу дабылы өтті. Өрт қауіпсіздігі туралы дабыл бойынша студенттер мен оқытушылар ұйымдасқан түрде ғимараттан колледж аумағына шықты. Оқу дабылы студенттердің өмірлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында және олардың төтенше жағдайларға дайындықтарын шыңдау үшін өткізілді.

Кутумбетова С.Т.