12 сәуір 2018
2018 жылғы 11 сәуірде Астана қаласының Көлік және коммуникация колледжінің студенттері арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу мақсатында Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының көшпелі сотының сот төрешісі Б.Н Ахметкалиев және прокуроры А.Құсаинованың қатысуымен іс-шара өткізілді.
Онда Қазақстан Республикасының әкімшілік құқықбұзушылық туралы "Ұсақ бұзақылық, яғни қоғамдық орындарда былапыт сөйлеу, жеке тұлғаларға тиісу, тұрғын үй-жайларды ластануы, саябақтарды, скверлерді,
орындарды ортақ пайдалану, соның ішінде белгіленбеген орындарда коммуналдық қалдықтардың шығарындылары, және басқа да осындай іс-әрекеттер, төңірегіндегілерді сыйламаушылықты білдіретін,
қоғамдық тәртіпті бұзатын және жеке тұлғалардың тыныштығын бұзатын жеке тұлғаларға бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады, немесе он тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамауға әкеп соғады" кодексінің 434 тармағы 1 бабында көрсетілген 11 әкімшілік істер бойынша қарастырылды.
Бұл іс-шараға1-3 курс студенттері көрермен ретінде қатысқан және соттың жұмыс механизмін іс жүзінде көріп, құқық бұзушылық бойынша жасалған іс-әрекеттерінің бұлтартпас жауапкершілігіне көз жеткізді.
Мұндай көрнекі процестердің көп профилактикалық әсері бар, сот отырысындағы әңгімелерді көру арқылы колледж студенттері өздерінің іс-әрекеттері туралы ойланып, бір-бірімен бөліседі.
Г.Амирова