Body: 

2018 жылғы 17 сәуірде колледждің психологиялық қызметінің ұйымдастыруымен Астана қаласының №5 қалалық емханасына қарасты «Шуақ» жастар денсаулық сақтау орталығының психологы П.Б. Альчикеновамен кездесу өтті.


Кездесу барысында ІІ курс студенттерімен «Жарақаттылықтың алдын алу», «Қыздар мен ұлдардың репродуктивті денсаулықтарын қорғау» тақырыбында семинар-тренинг өткізілді.

Тренингтің мақсаты: студенттерге қазіргі кезде жарақаттанудың алдын алу мен жасөспірімдердің репродуктивті денсаулығын сақтау туралы ақпарат беру.

Кездесу барысында психолог студенттерге бейнематериалдар көрсетіп, өмірден алынған отбасылық ситуациялардан мысалдар келтірді. Денсаулыққа кері әсер ететін факторлар, қажетсіз қауіп-қатерге ұшырамау үшін денсаулықтарын қалай күту керектігі туралы кеңестер берді.

А.Далабаева.