Body: 

Міне, алтыншы жыл қатарынан, колледжде 2018 жылғы 20 сәуір "ХХІ ғасырдағы ғылым және жаңа ұрпақ" атты техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарының студенттерінің қатысуымен дәстүрлі ғылыми-практикалық конференция өткізілді.
Конференция колледж директоры Гаипова Зулфухара Сұлтанұлының атынан колледж директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Алтынай Есенбековнаның алғы сөзімен ашылды. Ол барлық қатысушыларға осы ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысу теориялық білім мен тәжірибелік дағдыларды меңгеруге мүмкіндік береді деп атап өтті.

Астана қаласының Білім беру жүйесін жаңғырту орталығының әдіскері Исина Нағима Саткеновна конференция қатысушыларын құттықтай отырып, бұл конференция студенттер арасындағы ғылыми білім мен интеллектуалдық-шығармашылық жұмыстарын насихаттауды жүзеге асырады және беделін арттырады деді. Көптеген студенттердің осы конференцияға қатысуы – бұл ғылым әлеміне деген алғашқы қадамы.

Осы жылғы баяндамалар - цифрлық технологиялар және ақпараттық жүйелер, көлік-логистикалық инфрақұрылымдар, қазіргі заманғы технологиялар "Смарт-Сити", "жасыл" технологияларды дамытуды сияқты мәселелерді қамтыды.

Конференцияға республиканың әртүрлі қалаларынан 100-ден астам студенттер қатысты. Алматы техникалық-экономикалық колледжінің студенттері баяндамалармен қоса өздерімен бірге көрсету үшін екі макет әкеліп, өздерінің өнерлерімен қуантты.

Айта кету керек, осы жылы көптеген баяндамалардың практикалық құндылығы жоғары болды. Әрбір секцияда екі және бес макеттер мен модельдер ұсынылды. Ал бұл, өз кезегінде, конференцияның жоғары деңгейде өткенін көрсетеді.

Конференция сарапшыларының құрамында "Қазақстан темір жолы"ҰК"АҚ өкілдері және басқа да кәсіпорындар мен ұйымдардың қызметкерлері, Л.Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университеті, С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің профессор-оқытушылары болды.

Олар баяндамалардың жоғары деңгейде дайындалғанын, материалдардың ғылыми дәрежесі және практикалық бағыттылығы ұсынылған тақырыптарға сәйкес екендігін атап өтті.

Конференцияның қорытындысы бойынша барлық қатысушыларға сертификаттар табыс етілді. Үздік баяндамалар Астана қаласы Білім басқармасының дипломдарымен, ал ғылыми жетекшілері алғыс хаттармен марапатталды. Конференция жұмысына белсене қатысқаны үшін колледж ұжымдарына, сондай-ақ сарапшыларға алғыс хаттар табыс етілді.

Барлық жеңімпаздарды құттықтаймыз және ғылыми-зерттеу жұмыстарына сәттілік тілейміз!

Әдістемелік орталық меңгерушісі С. Хайруллина