27 сәуір 2018
2018 жылғы 24 сәуірде Көлік және коммуникация колледжінде Ресей Мемлекетінің Транспорт Министрлігіне қарасты Теміржол көлігі Федералдық Агенттігі жанындағы «Учебно-методический центр по образованию на железнодорожном транспорте» Федералдық мемлекеттік бюджеттік оқу мекемесі (Мәскеу қаласы) директорының орынбасары Мишкин Василий Григорьевич және Слепян Александр Яковлевич бастаған делегациямен кездесу өтті.
Кездесу барысында Екі жақты әдістемелік тәжірибемен бөлісу және де оқулықтарға жаңа оқу талаптарына сай толықтырулар жасау туралы мәселелер талқыланды. Ресей мемлекетінің темір жол саласындағы оқу орындарында озық әдістемелік тәжірибелердің мән-жайы баяндалды. Техникалық білім саласындағы кәсіптік білім беретін оқулықтар жайлы салмақты сөз қозғалды. Зұлфухар Сұлтанұлы делегация мүшелеріне колледждегі оқу кабинеттерінің материалды-техникалық базасын, жаңартылған энергетика көздері зертханасын, электровоз тренажері кабинетін және колледждің мұражайын көрсетті.
Василий Григорьевич колледж директоры мен ұжымға жылы лебізін білдіріп, тәжірибе алмасу іскерлігін әрі қарай жалғастыруға ниетті екенін атап өтті.
Аталған кездесу екі ел арасындағы көп жылғы достықты жалғастырушы «темір жол көпірі» бола отырып, білікті, бәсекеге қабілетті мамандарды даярлауда өз жемісін беретініне сеніміміз мол.
Директордың оқу-өндірістік жұмысы
жөніндегі орынбасары Тоқсанбаева С.И