Body: 

2018 жылдың 30 сәуірінде 1 мамыр – Қазақстан Республикасы Халықтарының бірлігі күні мерекесіне орай колледжде «Ұлт бірлігі – ұлы байлық» атты мерекелік концерт өтті. Іс-шараның шымылдығын ашқан колледж директоры Зулфухар Султанұлы мерекенің шығу тарихына тоқталды. Құттықтау сөзі барысында ұжым басшысы колледжде бірнеше ұлт өкілдерінің тату-тәтті еңбек етіп, алдарына қойған мақсаттарына бірге жетіп жатқандарын тілге тиек етті. Колледж директорының құттықтауынан кейін концерттің қонағы Астана қаласының «Наз» мемлекеттік ән-би ансамблінің әншісі, халықаралық, рсепубликалық байқаулардың лауреаты Зағипа Иманғазиева Нұртуғанның термесі «қанеки тілім сөйлеші» термесімен түріктің халық әнін тарту етті.

Мерекеге сай безендірілген мәжіліс залында салтанат пен мерекенің әсері білініп тұрды. Концерттік бағдарлама өзінің әр алуан репертуарымен қызықтырды: халық билері, әр түрлі тілде орындалған әндер мен өлеңдер көрермендерді түрлі әсерге бөледі. Концерт жүргізушілері Ұланбек Бақытұлы мен Шайзат Бигельдинова әдемі сөз өрнегімен өнер сүйер қауымды баурап алды. Концертте әр бөлімнің дайындаған әр ұлттың тағамдары мен билері өнер көрсетті. Қазақ тілі пәнінің оқытушысы Лира Нығметова «Ақ көгершін» әнін, Жазира Шаяхметова мен Санжар Қаратай «Қазақстаным менің» әнін және электр байланыс бөлімінің оқытушысы Софья Сабралеева «Татар» ұлттық биін тарту етті. Концерт соңында Е.Хасанғалиевтің «Атамекен» әнін Нұрболат Сейтмұратов орындап, концертті қорытындылады.Концертке келген көрермендердің есінде ұзақ сақталатындай деңгейде өтті.

Подобные мероприятия позволяют сплотить народ в единый монолит, что даст возможность в будущем нашему государству стать конкурентоспособным и занять достойное положение в мировом сообществе.






Н. Сейтмуратов