Body: 



2018 жылғы 27 сәуірде колледжде Астана қаласы Сарыарқа ауданы ІІБ ЖПҚ ЮПБ инспекторларымен кездесу өтті. Іс-шараға полиция капитаны, Ж.Ж. Досаевпен полиция лейтенанты К.Х. Мусаев катысты. Кездесудің мақсаты – оқытушылар мен қызметкерлерді ҚР ӘК 409 бабымен таныстырып, оның алдын-алу.


Дәріс барысында полиция қызметкерлері Қазақстан Республикасының білім беру, дене шынықтыру және спорт саласындағы заңнамасын бұзу – айыппұлға әкеліп соғатынын ескертті. Дәріс барысында қызметкерлер өздерін қызықтырған мәселелер жөнінде сұрақтар қойып, кеңестер алды.








А. Мұратұлы