18 мая 2018
2018 жылғы 15 мамырда "Психотерапия және наркология орталығының" нарколог-дәрігері Т.Т. Койшибеков колледж инспекторы Ж.Ж.Талдыбаевамен бірлесіп, кәмелетке толмаған студенттермен "Жасөспірімдер арасындағы нашақорлықтың, шылым шегудің және ішімдіктің алдын-алу" тақырыбында тренинг өткізді.
Есiрткiлердiң заңсыз айналымы аясындағы әкімшілік және қылмыстық заңнамалардағы өзгерiстерді түсiндірді. Есiрткiнің түрлері және олардың зияны, есiрткiлердi қолданудың зардабы туралы айтылды.
Осы іс-шараның басты мақсаты - есірткіге байланысты мәселелермен жасөспірімдерді хабардар ету деңгейін арттыру; есірткі қолданудың алдын-алу, оның жүйкеге әсер ететін себептері мен салдары туралы сенімді ақпараттармен таныстыру.
Нарколог-дәрігер Т.Т. Койшибеков нашақорлықтың алдын алу кешені- әлеуметтік, білім беру және медициналық-психологиялық іс-шараларын қамтитынын түсіндірді.
Нашақорлық пен уытқұмарлықтың алдын алу бойынша іс-шаралар негізінен жасөспірімдер мен жастарға бағытталған, осылайша, нашақорлықтың алдын-алудың басым бағыты оқу орындары болып табылады.
Өзінің презентациясында студенттерге есірткінің кең тараған түрлерін айтты, сондай-ақ, кез-келген жеңіл немесе ауыр есірткі заттарының адам ағзасындағы қайтымсыз әсерлерін атап өтті. Жасөспірімдердің есірткі заттарын сақтау және таратуы қылмыстық жауапкершілік әкеліп соғатынын ескертті.
Т.Т. Койшибеков мырза өмірдегі әр түрлі жағдайларды қолдана отырып, пікір-талас түрінде, рөлдік ойындар мен жаттығулар арқылы тренинг өткізді. Оған студенттер белсенді қатысты
Тренинг соңында "Психотерапия және наркология орталығының" маманымен рефлексия өткізілді, қорытындылары шығарылды және ұсыныстар берілді.
А.Далабаева