18 мая 2018
2018 жылдың 18 мамырда «Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафера оқытушыларының ұйымдастырумен мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы аясында «100 жаңа есім» жобасы тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелге топ жетекшілері мен студенттер қатысты. Іс-шараға коллеждің 1 курс студенттері «100 жаңа есім» жобасының жеңімпаздарымен таныстырды.
Дөңгелек үстелдің жүргізушісі Кенжебеков Ж.А. «100 жаңа есім» жобасының мақсаты мен жүзеге асуын түсіндірді. Алғашқы кезеңінен-ақ «100 жаңа есім» жобасының жеңімпаздары атануға 2000 адам тілек білдірген, ал іріктеу кезеңінен кейін 300 адам іріктеліп оларға онлайн түрде дауыс беру арқылы халықтың таңдауы мен қолдауына лайық болған 102 адам таңдалып алынған. Ал жобаның әділ өтуін Қазақстан Халықтар Ассамблеясы бақылаған.
Кафедра оқытушысы Жұрқабаев Б.С. «Рухани жаңғыру» бағдарламысының негізгі бағыттары мен құндылықтарына тоқталып, Елбасының бүгінгі жастарға қойып отырған талаптарының мазмұнын түсіндірді.
Сөз сөйлеген студенттер әрбір саладағы жетістікке жетіп жеңімпаз атанған жастар туралы мәлімет беріп, өздеріне олардың жетістіктері үлкен өнеге болатындықтарын жеткізді.
Топ жетекшілер мен «Дене шынықтыру мен АӘД» кафедрасының оқытушылары жобаның мақсаты бойынша әрбір Қазақстандық өзінің ісі арқылы «100 жаңа есім» жобасының жеңімпазы болуға ұмтылуы керек және осы мақсатты колледж студенттері ту етіп ұстап, өз мамандығының білікті де, білімді маманы болып шығуға тырысуы керектігі аталып өтті.
Жанабаева Г.М.