1 июнь 2018
1 маусым - ең көне халықаралық мерекелердің бірі. Халықаралық балаларды қорғау күні - бізге әрбір баланың бақытты балалыққа лайық екендігін тағы да бір есімізге түсіреді!
Бүкіл әлем бойынша келесі ұрпақтың рухани және физикалық дамуына ықпал ететін, өмір сүру жағдайларын жақсарту, балалардың мүдделерін қорғайтын, сондай-ақ балаларға әртүрлі тосын сыйлар әзірлеп, қайырымдылық іс-шаралар өткізетін күн болып табылады.
Осы Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында "Көлік және коммуникация колледжі" МКҚК директоры Гаипов Зулфухар Сұлтанұлы және басқа да қызметкерлері "Үміт" «Дағдарыс орталығы» КГУ балаларын құттықтады.
Зулфухар Сұлтанұлы өз сөзінде орталық қызметкерлерін, балаларды және олардың аналарын келе жатқан мерекемен құттықтап, оларға денсаулық, ашық аспан, бақытта балалық шақ тіледі және естелік сыйлықтар табыс етті.
А.Далабаева