Body: 


2018 жылдың 4 маусымда Қазақстан Республикасының Рәміздер күніне орай колледж акт залында «Рәміздерім - мақтанышым» атты салтанатты мерекелік іс шара өтті.

«Отан – адамның туып - өскен жері, атамекені, ел-жұрты, халқы, тілі, мәдениеті, тұрмыс – салты, әдет – ғұрып ерекшеліктері бар белгілі бір халықтың тарихи тұрағына айналған аумақ. Әрбір азамат Қазақстанның Туын, Елтаңбасын, Әнұранын тұмардай қасиет тұтуы қажет. Қазақ елінде тұратын және оны өз отаным деп білетін әрбір азамат жүрегінің терең түкпірінде сақтап, қашанда жадында ұстауы керек. Бұл баршамыздың туған ел алдындағы перзенттік борышымыз» – деп сөз бастаған колледж директоры барша ұстаздармен студенттерді мемлекеттік мерекемен құттықтады.


Әрбір рәміздің айрықшылығын айта келе, оқу орда басшысы студенттерге жазғы демалысқа көтеріңкі көңіл-күймен шығуға және де колледждің озат оқушыларын, белсенді жастарын және спорт саласында жетістікке жеткен студенттерді мараппаттау рәсімі жалғасын тапты.


Мерекелік шарада сапттық әскери әндер шырқалып, колледж өнерпаздары әннен, күйден шашу шашып, өрнекті өлеңдер оқыды. Концерт соңында Ә.Ысқақтың «Көк тудың желбірегені» атты әнмен Нұрболат Сейтмұратов қортындылады. Концерт естелік суретке түсімен аяқталды.





Н.Сейтмуратов