7 маусым 2018
|2018 жылғы 31 мамырда аккредитация және рейтингтің тәуелсіз агенттігінің Аккредитациялық кеңесінің мәжілісінде Астана қаласы Көлік және коммуникация колледжінің білім беру бағдарламаларын институционалдық және мамандандырылған аккредитациялау туралы шешім қабылданды.
Колледж әкімшілігі оқытушылар, қызметкерлер және колледж студенттерін халықаралық деңгейдегі институционалдық және мамандандырылған аккредитацияны 15 білім беру бағдарламалары бойынша 5 жылға сәтті өткені үшін құттықтайды !!!
Аккредитацияға дайындық барысындағы қызметкерлердің адал және жауапты жұмыстарының арқасында лайықты табысқа ие болдық. Біз аккредитациялық сараптамадан өту кезіндегі оқытушылар мен студенттердің жоғары даярлығы мен жауапкершілігін, қажетті білімді көрсете білгені үшін мақтан тұтамыз!
Барлық педагогикалық құрам мен ұжымды, студенттерді осы жеңістерімен құттықтай отырып, жаңа жетістіктер, кәсіби және білім беру ісінде шығармашылық жетістіктер тілейміз!
Колледж әкімшілігі