Body: 


2018 жылғы 08 маусымда "Комфорт Отель Астана" қонақ үй кешенінде "Табыстылық кластерлері- білім беруді кіріктірудің басты нысаны" тақырыбында қалалық дөңгелек үстел өткізілді. Онда техникалық және кәсіптік білім беру кластерлерінің жұмыстарына қорытынды жасалды.


Ұйымдастырушылар: Білім беруді жаңғырту орталығы, Астана қаласының Білім басқармасы, ТжКБ кластерлерінің жетекші колледждері. Дөңгелек үстелге Астана қаласының Білім басқармасы бастығының орынбасары Д.Ш.Жекебаев, «Кәсіпқор» Холдингі" ҰАҚ басқармасы төрағасының орынбасары А.Бимендина, елордалық колледждердің директорлары қатысты. Іс-шараның модераторы - Астанадағы Білім беруді жаңғырту орталығының жетекшісі Г.К. Ибраева.


Іс-шараның басында кластерлердің жетістіктері туралы көрме ұйымдастырылды, онда әр кластердің бағыттары бойынша: "Дуалды оқыту", "Халықаралық ынтымақтастық" және "Қолданбалы бакалавриат" бағдарламалары бойынша әрбір кластердің жұмыстары көрсетілген альбомдар, буклеттер, бейнероликтер, ынтымақтастық туралы келісімшарттар және басқа материалдар қойылған.


Дөңгелек үстелдің қатысушылары үлкен қызығушылықпен ұсынылған осы жұмыстармен танысты, әр бағыттағы жұмыстарды жетілдіру туралы өз пікірлерімен бөлісті.


Іс-шара А.Т. Бимендинаның сөзімен ашылды, ол Көлік және коммуникация колледжі және Қазтұтынуодағының сауда-экономикалық колледжімен бірлесіп әзірлеген қолданбалы бакалавриаттың эксперименттің бағдарламасы туралы ТжКБ және орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша нормативтік-құқықтық актілерді дайындау жөніндегі «Кәсіпқор» холдингімен өткізілген жұмыстары туралы айтып берді.



Астана қаласының Көлік және коммуникация колледжінің директоры З.С. Гаипов "Дуалды оқыту" бағыттарының жұмысының қорытындысы, оны іске асыру мәселесі туралы, 2017-2022 жылдарға Астана қаласының Білім беруді дамыту бағдарламасының мақсаттары мен міндеттерін іске асыру үшін барлық оқытушыларды тарту және ТжКБ кластерін ұқсас мамандықтары бойынша оңтайландыруды ұсынды.


Сонымен бірге, Зулфухар Сұлтанұлы ҚР Білім және ғылым министрлігіне жергілікті атқарушы органдармен бірге колледждің материалдық-техникалық базасын жақсарту үшін лизингті несиені енгізу мүмкіндігін қарастыру туралы ұсыныс жасады.


Дуалды оқытуды әрі қарай дамыту үшін Қазақстан Республикасының «Атамекен»НПП техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарының меншігіндегі шаруашылық-құқықтық түрлеріне өзгеріс енгізу мүмкіндігін қарастыру, ресурстық орталықтар мен қаржы көздерін әртараптандыруды дамыту үшін өндірістік жұмыс берушілердің бірлестіктерін тарту үшін байланыстырушы буын ретінде енгізіледі.



З.С. Гаиповтың ұсынысын Астана қаласындағы Кәсіпкерлер палатасының сарапшысы, Координациялық кеңестің мүшесі Ж.М. Туребекова қолдады. Ол қала колледждеріндегі дуальды оқытуды ұйымдастыруды жақсартуға мүмкіндік беретін мәселелерді шешеді деп атап өтті


«Халықаралық ынтымақтастық» кластерінің жұмысының нәтижелері бойынша Политехникалық колледж директоры К.С. Сенғазиев есеп берді. Жетекші колледждер мен серіктес колледждердің жыл бойындағы жетістіктерін атап өтті. Координациялық кеңестің мүшесі, Астана қ. «Өрлеу» әдістемелік қамтамасыз ету бөлімінің жетекшісі А.К.Кусайнова халықаралық ынтымақтастықты кеңейтуге назар аударды.


«Қолданбалы бакалавриат» кластерінің жұмысы туралы Жоғары медициналық колледжінің директоры А.Н. Саржанованың айтуынша, Қазақстан Республикасында білім беруді жаңғырту қазіргі уақытта қолданбалы бакалавр дәрежесін енгізуді талап етеді. Алайда, нормативтік құқықтық актілердің жетіспеушілігі мәселесі әлі шешілмеген және колледждерге «Жоғары колледж» мәртебесін беру үрдісі орындалмаған.


«Қолданбалы бакалавриат» бағыттары бойынша жұмыстарды талдауды кластер жұмысының бағыттары бойынша Координациялық кеңестің төрайымы Л.И. Матвеева өткізді. Ол жетекші колледждер мен колледждер-серіктестермен жүргізілген жұмыстар олардың қоғамдастық арасындағы желінің нығаюына әсер етеді, бірақ оны жүзеге асыру қазірдің өзінде көрсетілген себептер арқылы толығымен іске асырылмады деп атап өтті.



Сонымен қатар, Астана қаласының Көлік және коммуникация колледжі мен Қазтұтынуодағының сауда-экономикалық колледжімен бірлесіп әзірлеген қолданбалы бакалавриаттың эксперименттік алаңы аясында қолданбалы бакалавриат мамандарын даярлауға мемлекеттік тапсырысты бөлу туралы ұсынысын Білім басқармасына ұсынды.


Елорданың білім беретін оқу орындарына қолданбалы бакалавриатты енгізу қажеттігі және эксперименттік бағдарламаларды әзірлеу үшін колледж тарапынан атқарылған жұмыстардың көлемін көрсеткен Л.И Матвееваның бұл ұсынысын А.Т. Бимендина қолдады.



Жоғарыда аталған барлық ұсыныстарды талдағаннан кейін, Астана қаласының Білім беруді жаңғырту орталығының ТжКБ бөлімінің басшысы И.С.Алишева "Елорданың 2018-2022 жылдарға арналған ТжКБ дамытуға көмек көрсету» жобасын ұсынды, жаңа кластердің мақсаттары мен міндеттеріне назар аудара отырып, жұмыстың мазмұны мен жоспарланған нәтижелеріне қарай ұсыныс енгізді.


Дөңгелек үстелдің қатысушылары талқылауға белсене қатысты, сұрақтар қойды және кластерлерді дамыту жөнінде ұсыныстар жасады.


Іс-шара соңында, 2017-2018 оқу жылындағы қаланың үздік колледждерін марапаттау рәсімі өткізілді. Астана қаласы Көлік және коммуникация колледжі «Дуальды оқыту» кластерінің жұмысын табысты ұйымдастырғаны үшін грамотаға ие болды.


Поздравляем всех коллег с успешным завершением работы кластеров и желаем дальнейших твореских успехов!


Зам. директора по УМР Л. Матвеева