20 маусым 2018
|
20 маусымнан бастап еліміздегі барлық колледждерде қабылдау комиссиясы өз жұмысын бастайды. Бұл күні «Қош келдің, талапкер – 2018» қабылдау комиссиясының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Салтанатты іс-шараға әлеуметтік серіктестер, талапкерлер мен олардың ата – аналары қатысты.
Құттықтау тілегімен сөз алған колледж директоры, саяси ғылымдарының докторы, Астана қалалық мәслихатының депутаты Зулфухар Султанұлы Гаипов оқуға түсуге келген талапкерлерге сәттілік тілеп, қалаған мамандықтарына түсуіне тілек білдірді.
Сонымен қатар талапкерлерге сәттілік жолдаған «Қамқор Локомотив» ЖШС Астана локомотив жөндеу депосы филиалының сапаны бақылау бөлімінің басшысы Есилбаев Арман мырзаменен «Қамқор Локомотив» ЖШС менеджері, колледж түлегі Сакеев Саят бүгінде Көлік және коммуникациясы колледжінің көлік және байланыс саласында білікті маман даярлаудағы ерекше орнын атап өтті.
Алғашқы болып өтініш тапсырған абитуриенттерге колледж атынан естелік сыйлықтар табысталды. Осы күні жалпы саны 25 өтініш қабылданды.
Кәсіби бағдар беру және
жұмыспен қамту бөлімінің меңгерушісі
Ә. Бегімсалова