Body: 



2018 жылы 26 маусым күні Колледж алаңында түлектерге Диплом табыстау салтанатты жиыны өтті.


Бұл түлектер үшін ерекше мереке болды. Музыка әуенімен ортаға Топ жетекшілер бастаған түлектер келді. Колледждің қоғамдық жұмысына белсенді ат салысқан түлектерге мақтау қағаздары табысталып, фотосуретке түсумен жалғасты.



Колледж дегеніміз алғашқы студенттік өмір, жастық шақтың қызыққа толы кезеңі, өз ісіне жауапты болуды және шешім қабылдай білуді үйретеді. Ал Түлектер мерекесі - қуанышы мол кез, етене жақын болған адамдардан қол үзу, соңынан еңбек жолына қадам басу.


Түлектердің сөзінде кешегі оқу кезеңіндегі бақылау жұмыстары, емтихан және сынақтар дегеніміз жеңіл қадамдар екенін айтып, ал өмір өзінің сынақтарымен күтіп тұрғанын еске бір салып өтті.



Алаңға тек оқытушылар ғана емес ата-аналар, дос-жарандар, құрбылары жиналды. Әдемі шоқ гүлдері, ризашылықпен қараған жүздері – осының бәрі көңілді толқытып жіберді.


Түлектерге арналып көптеген құттықтау сөздері айтылды. Мамандықтары бойынша жұмысқа тұрып, сонымен қатар білім мен кәсіби деңгейлерін жоғарылату жолын ары қарай жалғастыратындарына үміт артамыз.

«Ақ жол саған, бүгінгі түлек! Біздің колледжіміздің түлегі деген мақтанышты ешқашан жоғалтпайық!»

Заведующая отделением «ЭТХ, ПМ, СД, ПОВТ»
Тарасова Е.Б.