16 тамыз 2018
2018 жылғы 16 тамызда Астана қаласының Көлік және коммуникация колледжінде «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаевпен кездесу өткізілді.
Кездесудің мақсаты: партиялық ұйымды жаңғырту, сондай-ақ бастамашылық жобаларды іске асыру жолдарын талқылау болды.
Кездесу барысында қонақтар колледждің педагогикалық ұжымымен, материалдық-техникалық базасымен танысты.
Мәулен Әшімбаев «Колледждің білім беру үрдісіне барлық инновациялар енгізілген, осылайша Сіздер Елбасының тапсырмаларын орындайсыздар» дей отырып, техникалық мамандықтар бойынша мамандарды даярлайтын «Жаңартылатын энергия көздері», «Көп арналы байланыс жүйелері» сияқты зертханалар, электровоздың электрлік тізбектері және локомотив бригадасын даярлауға арналған эксперименттік тренажерлердің жоғары деңгейде екендігін атап өтті.
Кездесу соңында, Мәулен Әшімбаев колледж ұжымына алғысын білдіріп, еліміздің білім саласын дамыту жолында табыстар мен жетістіктер тіледі.