Body: 

Білім күні – есте қаларлық ерекше мерекелердің бірі. Себебі жаңа оқу жылы кешегі мектеп оқушыларының жаңа өмірге апарар жолдағы алғашқы есіктерін ашу күні.

2018 жылғы 1 қыркүйекте 1 курс студенттеріне арналған салтанатты жиын ұйымдастырылды. Колледж табалдырығын алғаш аттаған студенттеріміз бұл іс-шараға бар ынтасымен назар салды.

Мемлекеттік Тудың әкелінуі, Гимннің орындалуы, колледж әнұранының шырқалуы – ерекше көңіл-күй сыйлады.

Колледж директоры, саяси ғылымдарының докторы, Астана қалалық маслихатының депутаты Зулфухар Сұлтанұлы бірінші курс студенттерін және олардың ата-аналарын, колледж ұжымын – 1 қыркүйек «Білім күні» мерекесімен құттықтап жылы лебізін білдірді.

Сонымен қатар құттықтау сөзімен колледжіміздің ардагері Титенков Леонид Петрович шығып, студенттерге оқуда табыс, шығармашылық жеңіс тілеп, Астананың 20 жылдық мерей тойы қарсаңында биылғы жылы жаңа қадам басқан болашақ теміржолшыларға сәттілік тіледі.

Салтанатты жиыннан кейін 1 курс студенттері оқу аудиторияларына өтіп, өздерінің топ жетекшілерімен және құрдастарымен танысты. Колледж әкімшілігімен бірлесе отырып, оқу топтарының жетекшілері Астана қаласының 20 жылдығы тақырыбында дәріс сабақтарын өткізді.








А.Далабаева.