Body: 

2018 жылдың 7 қыркүйегінде колледжге «Территория здоровья» қоғамдық бірлестігінің өкілдері студенттермен кездесу өткізді. Кездесудің мақсаты – жасөспірімдермен жеткіншектерге «жыныстық тәрбие» туралы толық мәлімет беру. Колледж бойжеткендеріне ағзаларында болып жатқан өзгерістермен қатар жыныстық жолмен берілетін инфекциялар, ерте жыныстық қатынастың әсері, ерте жүктіліктің алдын алу, жүктілікті тоқтату мен жасанды түсік жасатудың ағзаға әсері сынды аса маңызды кеңестер айтылды. Әңгіме барысында жыныстық қатынастың жастардың өміріне әкелер зиянымен қиыншылықтары толық түсіндірілді . Дәріс барысында тәжрибелі маман акушер-гинеколог: Бекмухамбетова Наргиза Маратовна өз тәжірибесінде кездескен қолайсыздықтар мен қиын жайттардан қалай шыққандығын айтып әлі бозбала мен бойжеткен қатарындағы студенттермен өзінің өмірлік тәжірибесімен бөлісті.

Ақпараттық кездесу брифинг түрінде өткізіліп, әрбір студент өзін қызықтырған сұраққа сауатты жауап алды. Кездесу соңында қатысушылардың барлығына көрнекі материалдар таратылды.

Бақыт У.