Body: 

2018 жылғы 17 қыркүйекте колледждің психологиялық қызметінің ұйымдастыруымен Астана қаласының №5 қалалық емханасына қарасты «Шуақ» жастар денсаулық сақтау орталығының әлеуметтік қызметкері Косулина А.В. мен психолог Тлеулина А.М. қатысуымен кездесу өтті. Кездесу «Дұрыс тамақтану заманауи өмір ұстанымы» тақырыбында өтті. Кездесудің мақсаты: студенттерге дұрыс тамақтанудың адам ағзасына тигізер пайдасы мен салауатты өмір салтын насихаттау болды. Дәріс барысында мамандар жеке гигиеналық тазалықты сақтау арқылы аса қауіпті ауырулардың алдын алуға болатынын түсіндірді. Жылдам әзірленетін тамақтардың зиянын айтып дұрыс тамақтанудың жолдарын көрсетті.




Дәріс соңында студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарына жауаптарын алып, өткізілген дәріс үшін мамндарға алғыстарын білдірді.

Г.Нұрқабыл