Body: 

2018 жылғы 22 қыркүйекте Астана қаласында жалпы қалалық сенбілік күні өтті. Осыған байланысты Көлік және коммуникация колледжінің студенттері мен оқытушылары аталған шараға белсен қатысып, қаламызды тазалап сәнін келтіруге өз үлестерін қосты.

Сенбілік аясында колледж ауласы мен колледж маңындағы аумақтар тазаланып сонымен қатар колледж жатақханаларындада сенбілік жұмыстары жүргізілді. Барлық қатысушылар еңбек құралдарымен қамтамасыз етілді.

Аталған шараға жалпы саны екі мыңға жуық адам қатысты, оның ішінде колледж оқытушылары мен қызметкерлері де бар. Елордамыздың сәнін келтіруге атсалысқан отаншыл жастарымыз бен оқытушыларымызды ынталандыру мақсатында сенбілік жұмыстары әсем әуенмен өрнектеліп отырды.




Б.Ұланбек