Body: 


2018 жылы 25 қыркүйек күні колледжде «Нұр Отан» Сарыарқа аудандық филиалымен бірлесе отырып «Қарсы» қоғамдық жастар қозғалысы сыбайлас жемқорлықпен күрес бойынша жиын өткізді. Жиынға ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің Астана қаласы бойынша Департамент басшысы Ж.Ж.Жылқышиева, «Қарсы» қоғамдық жастар қозғалысының төрағасы Б.Б.Жанділдаев, «Жастарға жол» қоғамдық қорының президенті Р.Гасанов қатысты. Кездесуде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңын негізге ала отырып колледж оқытушылары мен студенттеріне дәріс өткізді. Іс-шараның негізгі басты мақсаты – қоғамдағы жемқорлықпен күрес және оның алдын-алу шаралары. Шара барысында «сыбайлас жемқорлық» бойынша түсініктеме беріліп, жемқорлықпен күресудің жолдары мен алдын-алу шараларының мән-маңыздылығын жете түсіндірді. Колледж студенттерінің сұрақтары ортаға тасталынып, аталмыш тақырып аясында кеңінен сөз қозғалды.


Жиын соңында сыбайлас жемқорлық – қазіргі қоғамның дертіне айналмас үшін әр адам ар-намысына, өз қызметіне адал болу керек екендігін колледж оқытушылары мен жастары тереңірек ұғынып қайтты.

Л.С. Куатова