Body: 


Колледжде 2018 жылдың 4-қазанында жас мамандармен оқыту семинары өткізілді.


Семинарда оқытушылармен колледждің дамуының стратегиялық жоспары зерделенді. Стратегиялық жоспардағы негізгі бағыттар бойынша жоспарланған іс-шаралар нақтыланды.


Колледж психологы, п.ғ.к. Құнанбай М.Н., жас мамандармен «Студенттің жеке басын зерттеу әдістері» тақырыбында дөңгелек үстел өткізіп, студенттермен атқарылатын жұмыстардың ерекшеліктері туралы баяндап берді.


Директордың оқу-әдістеме ісі жөніндегі орынбасары Матвеева Л.И. оқытушыларға е-portfolio үлгісін онлайн режимде ашып, портфолио толтыру алгоритмін қадамдап көрсетті.



Колледж әдіскері Ж.Т.Мылтыкбаева оқытушыларға студенттердің интеллектуалды белсенділігін қалыптастыру үшін дәрісте, практикалық сабақтарда, тәжірибелік және семинар сабақтарда пайдалану әдістерін саралады. Осы әдістерді сабақта пайдалану бойынша тренинг өткізілді.


Отырыс соңында жас мамандар тарапынан туындаған сұрақтарына жауап алып, Жас маман мектебінің келесі отырыстарының тақырыптарын тақылады


Әдіскер: Мылтыкбаева Ж.Т.