8 октября 2018
6 қазан 2018 жылы Колледж ұжымы Ұлттық іскерлік рейтингтер одағы жүргізген саралаудың қорытындысымен , салық және басқа да міндетті төлемдерді мемлекеттік бюджетке төлеудің нәтижесі бойынша, Қазақстан Республикасының мемлекеттік кәсіпорындары арасында V-ші орынды иеленіп, «Үлгілі салық төлеуші» атанды, Астана қаласының мемлекеттік кәсіпорындары арасында «Мемлекеттік бюджетке қосқан үлесі» үшін III –ші жүлделі орынды жеңіп алып, колледжд ұжымы тағы да жоғары биіктен көріне білді.
Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін колледжіміз 2016 жылы «Сала көшбасшысы»,2017 жылы «2017 жылдың көшбасшысы» номинацияларын жеңіп алған болатын.
Жалпы республикалық сараптау қорытындысы бойынша колледж білім беру саласы кәсіпорындарының арасында Ұлттық бизнес рейтингіне еніп, «2018 жылдың көшбасшы» атағына лайықты деп табылды.
Салтанатты марапаттау рәсімінде Колледж директоры Гаипов Зулфухар Султановичке «2018 жылдың көшбасшысы» медалі және «2018 жылдың көшбасшысы» Ұлттық сертификаты табыс етілді.
«Кәсіпорынды дамытуға қосқан қомақты жеке үлесі үшін және кәсіби, жоғары басқарушылық шеберлігі үшін» Колледж директоры Гаипов Зулфухар Султанович «Жыл кәсіпкері» орденімен марапатталды.
«Кәсіби еңбегі, жоғары іскерлігі және қоғамдық беделі үшін» бас бухгалтер Алимгожина Жанар Саяхатовна «Ұжым мақтанышы» медалімен марапатталды.
«Көрнекті еңбектегі жетістіктері, өз ісіне берілгендігі және кәсіби біліктілігі үшін» бухгалтерлер Азатбекова Еркеназ Мухитқызы және Катышева Ляззат Телагысовна «Жыл маманы" Ұлттық сертификатымен марапатталды.
Құттықтаймыз!