Body: 

2018 жылғы 9 қазанда Халықаралық қыздар күніне арналған республикалық онкүндік аясында колледжде қыз балалармен Астана қаласының №5 қалалық емханасы, «Шуақ» жастар денсаулық сақтау орталығының акушер-гинекологы Бейсенова Сара Жалдынгеровна және психологы Тлеулина Айнаш Манарбековнамен кездесу өткізді. Кездесуде қыз балаларға «Ерте жастағы жүктіліктің алдын-алу» тақырыбында дәріс оқылды. Гинеколог С.Ж.Бейсенова жасөспірімдер арасындағы жұқпалы аурулардың алдын-алу, ерте жастағы жүктілік пен жеке гигиенаны сақтаудың маңыздылығын ерекше атап өтті.

Әйелдер қауымының денсаулығы - бұл біздің ұлтымыздың болашағы. Жас ұрпақтың болашағы үшін осындай тақырыптағы іс-шараларды белсенді түрде жиі өткізіп, жастар арасында насихаттауымыз қажет екені айтылды. Дәріс соңында қыз балалар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, қызықты бейнематериалдар көрсетілді


Бегалиева Э.