9 октября 2018
Қазіргі күні еліміздің аумағында әр түрлі конфессиялар мен дәстүрлі және дәстүрлі емес діни ағымдар тіркелген. Сонымен қатар теріс пиғылды ағымдарда көптеп табылады. Сондықтанда жастардың діни сауаттылығымен білімі жеткілікті болғаны өте маңызды. Себебі жат пиғылды миссионерлердің негізгі насихат бағыты осы жастарға бағытталады.
09.10.2018ж күні Көлік және коммуникация колледжінде «Астана қаласы әкімдігінің Дін проблемаларын зерттеу орталығы» КММ діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу мақсатында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Дәріскер Төлеуханова Сымбат Қанатқызы өз сөзінде қазіргі таңдағы Қазақстандағы діни ахуалды толық түсіндіре отырып теріс пиғылды ағымдардың мақсаттарымен жымысқы пиғылдарын студенттерге қарапайым сөзбен толық түсіндірді. Дінге бейім жастарға дұрыс ақпарат беретін сайттар мен ресми порталдарды және уағызшыларды атап өтті. Жиналған студенттерге діннің қандай нәзік сала екені айтылып қиын жағдайларда немесе діни қарама қайшылықтар туған сәтте ананимді сенім телефонына хабарласу керектігі айтылды. Сұрақ пен жауапқа толы болған кездесуден студенттер өз өмірлеріне маңызды сабақ алып қайтты.
Ұ. Бахыт