9 октября 2018
2018 жылғы 12 қазанда Президенттің «Бес әлеуметтік бастамасы» үндеуін жүзеге асыру аясында күрделі жөндеуден өткен №2 колледж жатақханасының салтанатты ашылу рәсімі өтті.
Ашылу салтанатына көптеген қонақтар қатысты. Атап айтсақ, Астана қаласының Сарыарқа ауданы әкімінің орынбасары Рахманберді Талғат Абайұлы, Нұр Отан партиясы «Бірлік» филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қожахметов Шыңғысхан Шопанұлы, Білім басқармасы басшысының орынбасары Жекебаев Дулат Шайкенұлы, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының директорлары және «Жастар» телеарнасының өкілдері болды.
Іс-шараның басты мақсаты - ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2018 жылғы 5 наурыздағы «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» үндеуінің «Жоғары білім алудың қолжетімділігі мен сапасын арттырып, студент жастардың жатақханадағы жағдайын жақсарту» атты үшінші бастамасын жүзеге асыру.
Іс-шараға қатысқан мәртебелі меймандар студенттерді жатақхананың ашылуымен құттықтады. Елбасымыздың бастамасымен келесі 2019 жыл – Жастар жылы болып бекітілетінін айта келе, білім жолында үздік нәтижелер мен жеңісті орындар тіледі.
Салтанатты рәсім концерттік бағдарламаға ұласты. «Импульс» би тобының орындауындағы «Қазақ биі» көпшіліктің көңілінен шықты. Жастар ісі комитетінің инспекторы Бақыт Ұланбек өлең шумақтарын оқыды. Өлеңнің авторы, колледж оқытушысы Қасқатаев Назарымның қаламынан шыққан туындыда алғыс тілектер мен жалынды ой шебер ұйқасқан. «Қазағым» әнін нақышына келтіре орындаған Маржан Исаева жиналған қауымның ыстық ықыласына бөленді. Концерттік бағдарлама соңында студенттеріміз колледж әнұранын орындады. Салтанатты рәсім қызыл лентаның кесілуімен және қазақы дәстүрде әжелеріміздің ақ шашуына ұласты.
Іс-шара соңы барлық қонақтардың колледж жатақханасын аралуымен, естелік фотосуретке түсуімен аяқталды.
Ұ. Бахыт