Body: 

12-13.10.2018 жылы «Тальго» пікірсайыс клубының ұйымдастыруымен «Бұл палата қауіпсіз оқу орындары қамтамасыз етілген деп есептейді» тақырыбына пікірсайыс ойынын өткізді. Ойын екі форматта өттіп қазақ лигасымен орыс лигасының спикерлері сайысқа түсті.

Қазақ лигасының ойынында үкіметтік тараптың асығы алшысынан түсіп оппозиция тарапының спикерлерін аса басымдықпен жеңді. Үкімет тарапынанда болған 1-ші спикер: Ермеков Рауан 2ЭТС-217 мен 2-ші спикер: Ибрагимов Дарын 2ЭТС-217 өз ойларын толық жеткізіп, сапалы аргументтер қолдану арқылы қарсы жақ оппозиция тарапының 1-ші спикері: Қаржаубай Елдос 2СД-217 пен 2-ші спикері: Күзенбай Ділдардың 2Д-217 айтқан дәлелдерімен келтірген статистикалық мәліметтерін ұтымды жеңе білді. Ойын қызу әрі талқыға толы өтіп, көрермендерге қатты ұнады. Спикерлердің шешендігімен ізденімпаздығы сонымен қатар сөз саптауы жиналғандарды таңқалдырды.

Ал орыс лигасының ойынында керісінше оппозиция тарапы үкімет тарапынан басым түсті. Оппозиция тарапынан 1-ші спикер:Малышева Ксения 2ОЭО-117 мен 2-ші спикер: Сарваева Зарина 2ОЭО-117 өздерінің дебаттағы сақа спикерлер екенін дәлелдеп, үкімет тарапынан шыққан 1-ші спикер: Жакпаров Жеңіс 2ЭТС-117 пен 2-ші спикер: Даненко Евгенийді 2ОЭО-117 ойсырата жеңіп, колледждегі орыс лигасының деңгейін ойын барысында көрсете білді.

Ойын соңында сөз алған Байділда Сауытқанұлы қос ойында өте жоғары деңгейде өткенін, шәкірттерінің жақсы ойын көрсеткенін атап өтті. Жиналған көрермендердің ішінде өз пікірін білдіріп ой қосып отырған студенттерге журналдар силап, олардан жақсы спикерлер шығатынын айтып колледждегі дебат үйірмесіне мүшелікке шақырды.


Б.Журкабаев