Body: 

2018 жылдың 17 қазанда колледжімізде Астана қаласының Астана станциясы Ішкі істер желілік басқармасының маманы аға лейтенант Н. Байганыров пен Астана қаласының «ҚТЖ»АҚ филиалы, Астана қалалық электрмен қамтамасыз ету дистанциясы мекемесінің өндірістік оқыту шебері М.Рахимбаев және өндірістік-техникалық бөлімнің инженері К. Шакиев студенттермен «Темір жол аса қауіпті аймақ» тақырыбында кездесу өткізді. Кездесудің басты мақсаты – барлықмамандықтар бойынша студенттерді теміржол көлігіне қарасты нысандарда қауіпсіздік ережелерімен таныстыру және темір жол көлігіннің мүлкін ұрлап алу немесе бүлдіру жағдайындағы жауапкершілік туралы айтып, алдын-алу жұмыстарын жүргізу.

Кездесу барысында ұйымдастырушылар темір жолда орын алған жазатайым оқиғалардың тіркелгені бойынша нақты фактілерді айтты. Баяндау барысында темір жол көлігінде және де темір жолда травматизмдік жағдайлардың алдын алу жайлы бейнематериалдар көрсетіп, темір жолда аса абай болуға шақырды.

Сонымен қатар, аса қауіпті аймақта рұқсатсыз жүрген кәмелетке толмаған жасөспірімдерге қатысты әкімшілік заңнаманың тараулары түсіндіріліп, жауапкершілігі жайлы айтылды.


Нұрқабыл Г.