Body: 

2018 жылдың 18 қазан күні, Астана қ. «Көлік және коммуникация колледжі» МКҚК ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауына арналған сенат депутаты Мамытбеков Еділ Куламкадыровичпен кездесу өтті.

Кездесуге директордың орынбасарлары, бөлім, кафедра меңгерушілері және оқытушылар құрамы қатысты.

Сенатор Е.Мамытбеков өз сөзінде ҚР Президентінің халыққа жаңа жолдауы халық пен ел үшін ең басты, өзекті және өмірлік өткір проблемаларға жауапты маңызымен ерекше екендігін атап өтті.

Елбасымыздың халықтың әлеуметтік-экономикалық дамуының өзекті мәселелеріне және қазақстандықтардың әл-ауқатын одан әрі арттыру міндеттері, алдағы уақыттағы елдің дамуына басымдылық міндеттерді жүзеге асырудың жолдары, мүмкіндіктері туралы айтылды.

Колледж директоры З. Гаипов Президентіміздің жолдауында берілген тапсырмалар бағытын қолдайтындығын атап өтті. Әсіресе, мемлекет басшысы өз Жолдауында халықтың ең төменгі жалақысын көтеру, тұрғын үй құрылысын өзектендіру мәселесі, ішкі өнімді арттыруды қолға алуды, ұстаздың мәртебесін көтеру мәселелеріне көп көңіл бөлгендігіне тоқталды.

Президент Жолдауы сөзсіз, барлығымыз үшін және барлық ел үшін бүтіндей жаһандық мәселелерді шешудің жаңа жолдары және мүмкіндіктері. Біз Президент Н.Ә.Назарбаевтың халыққа жолдауы еліміздің қарыштап дамуына үлес қосатындығына нық сенемдіміз.


А.Ахметова