25 октября 2018
19 қазан күні колледждің №2 студенттер үйінде директор Гаипов Зулфухар Сұлтанұлы студенттермен кездесу өткізді. Кездесудің басты мақсаты ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 5 қазандағы халыққа жолдауын түсіндірумен қатар жатақханада тұратын студенттермен директордың жылсайынғы кездесуін ұйымдастыру болды. «Зулфухар Сұлтанұлы өз сөзінде бұл студенттер үйінің Елбасының 2018 жылғы 5 наурыздағы Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» үндеуінің «Жоғары білім алудың қолжетімділігі мен сапасын арттырып, студент жастардың жатақханадағы жағдайын жақсарту» атты үшінші бастамасы негізінде күрделі жөндеуден өткенін айтып елімізде білім алушыларға барынша жағдай жасалғанын тілге тиек етті. Елбасымыздың биылғы жолдауындағы халықтың әлеуметтік-экономикалық дамуының өзекті мәселелері және қазақстандықтардың әл-ауқатын одан әрі арттыру, алдағы уақыттағы елдің дамуының басым міндеттері мен мүмкіндіктері туралы айтты. Сонымен қатар алдағы 2019 жыл «Жастар жылы» болып жарияланғанындықтан жастардан көп үміт күтетінін, қажымайталмай оқу оқып, білімдерімен біліктерін арттырсағана заман талабына сай маман болатындарын түсіндірді. Студенттер үйін өз үйлеріңдей қылып ұстасаңдар бұл орын жанға жайлы құт мекен болады деді.
А.Далабаева