Body: 

Колледжде 2018 жылдың 25-қазанында жалпы білім беретін пәндер оқытушыларымен «Орта білім мазмұнын жаңарту жағдайында КжТББ жүйесі оқытушысының кәсіби дамуы» тақырыбында семинар өткізілді.

Семинарды директордың оқу-әдістеме ісі жөніндегі орынбасары Матвеева Л.И. ашып, негізгі мақсаттар мен міндеттерді атап өтті. Оқытушыларды білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында оқыту үрдісінде болатын өзгерістермен, оқыту ерекшеліктерімен арнайы біліктілік арттыру курстарынан өткен оқытушылар таныстырды.

Химия пәнінің оқытушысы Туловская Е.Г. қысқамерзімді жоспардың жасалу ретін баяндап, өз үлгісін ұсынды.

«Холдинг «Кәсіпқор» КЕАҚ-ның лекторы Ермаханова Р.С. критериалды бағалау жайлы мысалдар көрсете отырып айтып берді.

Колледж әдіскері Мылтыкбаева Ж.Т. жалпы білім беретін пәндер оқытушыларының алдында тұрған міндеттер, суммативті және формативті бағалау мүмкіндіктері жайлы тоқталды.

Семинар соңында бағалау дескрипторларын құру бойынша тренинг өткізіліп, бағалаудың жаңа үлгісін оқытушылар іс-жүзінде бақылай алды.


Әдіскер: Мылтыкбаева Ж.Т.