29 октября 2018
24 қазан күні колледждің акт залында Астана қаласы Сарыарқа аудандық ІІБ МПБ жасөспірімдер полициясының бөлім басшысы Дощанова Нэлля Нурллаевна мен Астана қаласының кәсіпкерлер палатасының эксперті Мужиков Серик Барлыбаевичпен кездесу өтті. «Кәмлеттік жасқа толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу. Жауапкершілікке тартылатын жас мөлшері» тақырыбында болған кездесуге 1-4 курс студенттері қатысты. Кездесудің мақсаты - кәмелеттік жасқа толмағандар арасындағы әкімшілік және қылмыстық құқық бұзушылықтармен оларға берілетін жазалау шараларының түрлері болды. Студенттерге әкімшілік және қылмыстық құқық бұзушылықтардың айырмашылығымен, олардың болашақта тигізер зияны туралы толық түсіндірілді. Студенттер арасында жиі кездесетін қылмыстарға мысал келтіріліп, қазіргі жаҺандану ғасырында ешбір қылмыс жазасыз қалмайтыны ескертілді. Әр қылмысқа арнаулы заңмен жаза бар екенін және жауапкершілікке кәмелетке толмағандарда қатаң тартылатыны айтылды. Яғни, қылмыстық жауапқа тартылу кей істерде 14 жастан басталатыны (Қылмыстық кодекс көрсетілген баптарға сәйкес) аталып өтті. Жасөспірімдер арасында көп кездесетін Әкімшілік құқықбұзушылық туралы (434-бап), оның ішінде ұсақ бұзақылық жайлы кеңінен таратып айтты.
Кездесу соңында студенттер белсенділік танытып, мамандарға көптеген сұрақтар қойып, жауаптар алды. Ең бастысы, балалық өмірден ересек өмірге аяқ басып жатқан студенттер заңды білу және оны бұзбау - әр азаматтың парызы екенін түсінді
Бақыт Ұ.